«Ақмола облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов: «Әрдайым қарапайым еңбек адамының мүддесі үшін қызмет етеміз»

2019 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 мамырдағы №303 Қаулысына сәйкес 10 қазан – кәсіподақтар күні болып белгіленіп, жыл сайын жүйелі аталып өтуде. Жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігінбақылау, еңбек дауларын шешу – бұл кәсіподақ ұйымының басты міндеті. Бір сөзбен айтқанда, кәсіподақ – халық мүддесі жолында қызмет етеді. Сондай-ақ, аталмыш ұйымдар мемлекетіміздің саяси жүйесіне белсене араласатын азаматтық қоғамның бір бөлігі. Біз мереке қарсаңында сұхбаттасып, ұйымның бүгінгі тыныс-тіршілігі турасында әңгіме өрбіттік.

– Аға, алдымен сұхбат беруге келісіміңізді бергеніңіз үшін алғыс айтып, әңгімеміздің әлқиссасын Ақмола облысындағыкәсіподақтарбірлестігінің қазіргі жай-күйі туралы өрбітсек деп едік. Жалпы біздің облыстық орталыққа қанша бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді?

–  Ақмола облыстық кәсіподақ құрамында 74 504 адамды қамтитын 1244 бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен ірі кәсіпорындардың 11 кәсіподақ ұйымы, сонымен қатар, кәсіподақ ұйымдарын біріктіретін 10 облыстық салалық кәсіподақ бар. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерін кәсіподақ мүшелігімен қамту 48 пайызды құрайды.2021 жылы 1595 адамнан тұратын 34 бастауыш кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ, пошта байланысы қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы құрылды, оған 800 адамнан тұратын 11 бастауыш кіреді.

– Қоғам дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығына кәсіподақтар айтарлықтай игі ықпал жасап келгені анық. Ал, бүгінгі таңда кәсіподақ өз пәрменділігін жоғалтып алған жоқ па? Қазір заман бөлек, талап ерекше. Жалпы орталық көмегіне жүгініп келген халықтың басым көпшілігі қандай мәселелерді алға тартып жүр?

Иә, дұрыс айтасыз. Кеңес дәуірінде кәсіподақ ең пәрменді ұйымның қатарынан еді. Дегенмен, ол дәуір келмеске кетті. Сондықтан да, бүгінгі күннің талабын ескеріп, кәсіподақты мейлінше жалпыхалықтық сипатқа жеткізуді басты назарда ұстауымыз керек.Біз алдымен,бірінші кезекте бұл әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсарту, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін, жалақыны арттыру, өңірдегі әлеуметтік әріптестіктің тиімділігі, жұмыс берушілермен сындарлы диалог құру және қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтардың рөлін күшейту мәселелерін басты назарда ұстаймыз.

Сонымен қатар, облыстық Қоғамдық кеңестің мұрындық болуымен көптеген мәселелердің оң шешімі табылуда. Мәселен, «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға ұлғайту, «Көкшетау Су Арнасы» серіктестігінің 20 пайызға, Степногорск қаласындағы энергокешені10-нан 18 пайызға дейін өсуге жәрдемдестік.

Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді.Салалық білім беру кәсіподағы сотта педагог қызметкерлердің талап-арызын дайындауға және мүдделерін ұсынуға көмек көрсетті, оның қорытындысы бойынша Шортанды ауданында жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыға 667,3 мың теңге, Ерейментау ауданындаіссапар шығыстарына 637,9 мың теңге, Сандықтау ауданында2018-2019 жылдарға арналған жәрдемақыға 18,4 миллион теңге, Бұланды ауданында 2017-2019 жылдардың жәрдемақысына 3,3 миллион теңгетөленді.

Сондай-ақ, біз ауылдағы педагог қызметкерлерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша проблемалық мәселені бірнеше рет көтердік,талай мінбелерден осы мәселені тілге тиек еттім. Нәтижесінде облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауының арқасында бюджетте ауылдық жерде тұратын педагог қызметкерлерге коммуналдық қызметтерді төлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы қарастырылды. Бұл мақсатқа 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.

Ағымдағы жылы ауылда жұмыс істейтін мәдениет, спорт және ветеринария қызметкерлеріне де осындай қосымша ақы қарастырылуы керек деген мәселені көтеріп жүрміз. Бұл мәселе де оң шешімін табады деп сенеміз. «Senim»денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық жергілікті кәсіподағы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұйрығына кірмеген медицина қызметкерлерінің пандемия кезінде қайтыс болған төрт отбасына кәсіподақ қаражаты есебінен 1 миллион теңгеден, барлығы 4,0 миллион теңге төленді. Сондай-ақ, облыстық аурухананың екі бала тәрбиелеп отырған медбикесіне жатақханадан бөлме сатып алуға көмек көрсетілді. Бес медицина қызметкеріне тұрғын үй сатып алуға 20 пайыз бастапқы жарна төленді. Бұл 15 миллион теңгеден астам қаражат.

Әлеуметтік әріптестіктідамыту мәселесі қалай шешілуде?

– Әлеуметтік әріптестік аясында облыстың кәсіподақтары атқарушы органдардың өкілдерімен және кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесе жұмыс атқаруда, еңбек ұжымдарын не толғандыратынын бірлесіп талқылауға және ақылға қонымды тәсілдер негізінде көптеген мәселелердің алдын алуға, екі тарап үшін де қолайлы  шешім қарастыруғақашанда дайын.Облыс деңгейінде біз әлеуметтік әріптестік тараптарымен Ақмола облысының әкімдігі, Ақмола облысының жұмыскерлер бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестігі арасында 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісімге қол қойдық, онда экономикалық, саясат, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, еңбек нарығын дамыту, әлеуметтік әріптестік және адами капиталды дамыту саласындағы барлық тараптардың ұстанымдары келісілді.

Осыған ұқсас келісімдерге облыстың барлық өңірлерінде қол қойылды.Жақында ғана кәсіподақтар Федерацияның ұсынысы бойынша ұсынған аймақтық келісімге өзгерістер мен толықтыруларға қол қойылды. Мәселен, келісімге мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың, сондай-ақ, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың еңбек қызметкерлерін қоса алғанда, жұмысшылардың барлық санаттарына еңбекақыны индекстеу және ұлғайту, техникалық инспекторларға қосымша ақы төлеу, техникалық персоналға сауықтыру жәрдемақысын төлеу пункттері енгізілген.Біз үшжақты комиссия аясында тұрақты, мүдделі, нәтижелі диалог құра алдық.

Әлеуметтік әріптестер жағдай жасауды және жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтауын бақылау, әлеуметтік шиеленістер мен еңбек жанжалдарының туындауының алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға баса назар аудара отырып, жалақыны уақытылы төлемеу жағдайларын болдырмау бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге көп көңіл бөледі.Ағымдағы жылы комиссияның 8 отырысы өткізілді, онда 18 мәселе қаралды, оның 3-еуі топпен (облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақыны арттыру, облыстағы теміржол көлігі объектілерінде жарақаттанудың алдын алу және алдын алу, Ақмола облысының әкімдігі, облыстық жұмыскерлер бірлестіктері және облыстық бірлестіктер арасында жасалған облыстық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) бастамакөтерілді.

Біз өңірлерге барып, комиссия отырыстарын өткізуді тәжірибеге енгізіп  жатырмыз. Мәселен, Астрахан, Ерейментау және Шортанды аудандарында 3 көшпелі отырыс өткізілді.Көшпелі отырыстар барысында комиссия «Ашық есік күндерін» өткізді. Онда азаматтарды еңбек заңнамасы, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдіктер, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіподақ қызметі мәселелері бойынша қабылдады.

Кәсіподақ ұйымдары еңбек дауларының алдын алу және шешуге қаншалықты дәрменді?

– Бұл мәселе біздің үнемі бақылауымызда. Біз кәсіпорындарға барып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткіземіз. «Еңбек консультациялары» атты акциялар ұйымдастырамыз. Жыл басынан бері облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек ұжымдарымен және бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен барлығы 51 кездесу өткізілді, оған 4 мыңнан астам адам қатысты. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар айында біз Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысымен бірлесіп, Степногорск қаласына барып, ондағы ірі кәсіпорын өкілдерімен, ұжым мүшелерімен кездесіп,  жұмыс кеңесін өткіздік. Кәсіпорын қызметкерлерінің мүддесін қорғап, күрмеулі мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Нәтижесінде, қызметкерлердің жалақысын 10-30 пайызға ұлғайту (грейд жүйесі бойынша, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап ) ұйғарылды.

– Қандай еңбек даулары жиі кездеседі?

– Иә, адамды тұрмыс билейтіні рас. Сондықтан да, кез-келген еңбектің қаналмағанын қадағалаймыз. Еселі еңбек еш кетпеуі керек. Осы орайда, бізге жағдайын айтып келген жандардың басым көпшілігі көбінесе, жалақыны уақтылы төлемеу, жалақыны көтеру сияқты мәселелерді алға тартады.Мәселен, мемлекеттік еңбек инспекциясы 2022 жылдың есепті кезеңінде облыстың 5 кәсіпорнында жалпы сомасы 8,9 миллион теңгеге 122 қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешекті анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 8,9 миллион теңгеге жалақы бойынша анықталған берешек толық төленді.Осы кәсіпорындардың басшыларына 5 ұйғарым беріліп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 87-бабына 1-бөліміне,2-бөліміне сәйкес әкімшілік айыппұлдар салынып, әкімшілік айыппұлдар толық көлемде өтелді.

Кәсіподақ мүшелерін құқықтық қолдау шаралары туралы айтып беріңізші?

– Заң клиникасының жұмысын жандандыру шеңберінде біз айына 1 рет еңбек қатынастары мәселелері бойынша оқытуды, сондай-ақ, ай сайын азаматтарды қызықтыратын мәселелер бойынша онлайн қабылдаужүргіземіз. Ағымдағы жылы 2459 адамның қатысуымен 4 онлайн-семинар және 1 офлайн-семинар өткізілді. Онлайн-қабылдау барысында 55 өтініш қабылданды.Ағымдағы жылдың 24 тамызында біз әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері көтерілген семинар-кеңес өткіздік. Жыл басынан бері еңбек заңнамасы, кәсіподақтар құру, жолдамалар беру және материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша 21 адам қабылданды.

Ал, еңбек қауіпсіздігі мәселелері қалай шешілуде?

– Кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттарының бірі жұмыс орнындағы қауіпсіз еңбек жағдайларына қызметкерлердің мүдделерін қорғау және олардың денсаулығын сақтау болып табылады.Өндірістік жарақаттануды азайту мақсатында біз 2021-2023 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын әзірледік, ол облыстық үшжақты комиссия деңгейінде бекітілгеннен кейін облыстың шағын және орта бизнес ұйымдары мен кәсіпорындары үшін онлайн режимде «Атамекен»өңірлік кәсіпкерлік палатасы алаңында таныстырылды.Бұл бағдарлама өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, өндірістегі өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз қандай?

– Қымбатты әріптестер! Кәсіподақтар күні – еңбек еткен жандардың баршасына ортақ мереке. Осы орайда,  барша әріптестерімді мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасыларына амандық, бақ-береке тілеймін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар