Ақмолалықтар тұмауға қарсы екпе алулары керек

Өңірде жыл басынан бері 2000 мыңнан астам ЖРВИ ауруы тіркелген. Десе де  өткен жылмен салыстырғанда тұмауратушылар саны 1,2 есе төмендеді. Бұл тұста тұмау мен маусымдық аурулардың таралуының алдын алу үшін мамандар вакцинация қажет екенін атап өтті.

Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Серік Омархановтың айтуынша, тұмаудың алдын алудың ең ұтымды жолы – вакцинация. Халық арасында тұмаудың жаппай таралуын болдырмау және организмде «иммундық қабат» құрылуы үшін жалпы халықтың кемінде 10 пайыз екпе алуы қажет. Вакцина тұмауға қарсы иммунитеттің жоғары деңгейінің қалыптастырады. Қазірдің өзінде 27 мыңнан астам ақмолалық тұмауға және маусымдық ауруларға қарсы вакцинация алды.

–Вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері, әдетте, 8-12 күннен кейін пайда болып, 12 айға дейін сақталады. Адамның жас ерекшелігіне қарай  вакцинациядан кейін тұмау вирусына қарсы антиденелердің қорғаныс титрлерінің деңгейі 75-95 пайызды құрауы тиіс. Қазіргі уақытта облыста «Гриппол Плюс» атты  вакцинаның 73 138 дозасы сатып алынды. Бұл мөлшер облыс халқының  тек 9,9 пайызына жетеді. Облыста  бұл вакцина 5 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Біздің облыста «есепте» тұрған  73138 адамның барлығы да екпе алуы тиіс. Бұл созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері және жүктіліктің 2-3 триместріндегі жүкті әйелдер, жабық мекемелердегі адамдар, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Санитарлық дәрігерлер туберкулездің алдын алу мәселелеріне жеке тоқталды. Осылайша, өкпе ауруының алдын алу мақсатында перзентхана орталықтарында 2-4 тәулікке Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинасымен егу жұмыстары жүргізіледі. БЦЖ вакцинасымен ревакцинациялау үшін балаларды іріктеу мақсатында Манту сынамасы 1 сынып оқушыларында оқу жылының алғашқы айында қойылады.

–Биылғы жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 1 сынып оқушыларының Туберкулинодиагностикамен немесе манту сынамасымен қамтылуға тиіс 11 965 баланың 10 429-ы  тексерілді, бұл ретте медициналық бөлу саны – 812, бас тартқандар саны – 382 адам және 342 бүлдіршін әлі тексерілмеген, – деп қосты Серік Омарханов.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар