Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Неге барлық партия бір адамды ұсынып жатыр? Депутат жауабы - АРҚА АЖАРЫ

Неге барлық партия бір адамды ұсынып жатыр? Депутат жауабы

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров неге барлық партиядан бір кандидат ұсынылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда коалиция құрылады.

Менің ойымша, халықтық коалиция құрылады. Коалицияның құрамына қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың енеді. Сондықтан AMANAT партиясы кандидат ретінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынып отыр. Съездің шешімі бірауыздан қабылданды. Алайда, бүгін басқа да қоғамдық ұйымдар Президентті өз аттарынан ұсынуы ықтимал. Сол себепті Тоқаевты қолдау жөніндегі коалиция құрылады. Сонда ғана Мемлекет басшысы бір партияның атынан емес, бірнеше партияның және қоғамдық бірлестіктердің кандидаты болмақ, — деді ол.

Депутат AMANAT партиясының коалиция мүшесіне енетінін айтты.

Халықтық коалиция өз кандидатурасын ұсынады. Ол құрамға саяси партиялар және Қазақстандағы ірі қоғамдық ұйымдар кіреді. Өйткені біздің елімізде жүйелі терең саяси экономикалық реформалар болып жатыр. Бұл реформалардың басында Президентіміз тұрғаны бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы өзгерістерін аяқтап, еліміздегі саяси реформацияны және экономикамыздағы көптеген түйткілді мәселенің шешімін табуы керек. Сондықтан көптеген партия ортақ кандидатты ұсынып отыр. Оның тағы бір себебі, партиялардың тұғырнамасына кандидаттың ұсынған бағдарламасы сәйкес келетіні, — деді  AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде журналистерге берген жауабында.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар