Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынуда - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауға алынуда

Көкшетау қаласының прокуратурасы Бас Прокуратураның тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері әлеуметтік тауарлар құнының көтерме саудадан соңғы тұтынушыға дейін 1,5-2 есе өсетінін көрсетті. Бұл ретте, бағаның ең үлкен өсуі үй маңындағы дүкендерде азық-түліктерді сату кезінде орын алуда. Бағаның бұлай өсуі бірқатар факторларға байланысты. Олардың бірі – кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан асуына тыйым салынғаны туралы білмеуінде.

Осыған орай, Көкшетау қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, сауда үстемесінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан асуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс қазір біртіндеп өз нәтижелерін бере бастады.

Қаланың бірқатар кәсіпкерлері «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының алаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру, сондай-ақ сауда үстемесін 10 пайыздан асырмау жөнінде меморандумдар жасасты. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Көкшетау қаласының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар