Келісім шағын ауданның тынысын кеңейтеді

Көкшетау қаласының әкімдігінде Галочья Сопка шағын ауданы аумағында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы келісімге қол қойылды.

Көкшетау қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, «KOKSHETAU ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесінің басшысы Владислав Шульдің айтуынша, осы келісім аясында кәсіпорындар жолды күтіп ұстауға және шағын ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды қолдауға көмек көрсетеді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша Галочья Сопка шағын ауданының тұрғындары, «А-Ди» ЖШС-нің жер қойнауын пайдаланушысы Дәулет Акбаров, «СС-КөкшеСтрой» ЖШС жетекшісі Виктор Гуркин, «НААК Құрылыс» ЖШС атқарушы директоры Марат Мисалимов қатысты. Көмек көрсеткен үшінші тарап атынан қала әкімінің кеңесшісі Владислав Шуль қол қойды

Тараптар бұған дейін шағын аудан тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер ететін нормалар мен ережелерді сақтауға бағытталған мәселелерді талқылауда да келісімге келген.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар