Облыс әкімі Көкшетау қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

Стационарда 47 бала, ал жартылай стационарда мүгедектігі және психоневрологиялық аурулары бар 20 бала емделіп, білім алуда.

Өңір басшысы барлық жағдай жасалған орталықты аралап, балалар мен орталық педагогтарының дайындаған мерекелік концертін тамашалады.

«Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын, зор денсаулық тілеймін. Біз сіздердің бейбітшілік пен әл – ауқатта өсіп, тәрбиеленулеріңіз үшін қажеттінің бәрін жасаймыз», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Кездесу соңында кішкентай ақмолалықтарға облыс әкімінен тәтті сыйлықтар табысталды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар