Көкшетау алаңында бес мыңнан астам ақмолалық Наурыз мейрамын атап өтті

Бүгін облыс орталығында Наурыз мейрамы өтуде. Жаппай мерекелеу Көкшетауда «Абылай хан» және «Тәуелсіздік» алаңдарында өтуде.

Өңірдегі басты көктем мерекесі «Наурыз – көктем, жыр думан!» театрландырылған қойылымнан басталды. Бағдарлама «Көктем әуені», «Жеті әлемнің болжамы», «Ақ тілек пен ақ бата», «Көктем-ғұмыр», «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні», «Жастар ойыны», «Базарың құтты болсын, ардақты елім!», «Наурызнама» атты сегіз эпизодтан құралған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын жарқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Ежелгі заманнан бері біздің ата-бабаларымыз бұл күнді жылдың басы, табиғаттың оянуы, оның жаңаруы мен гүлденуі деп санаған. Биыл  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Наурыз мерекесін тойлау  жаңа сипатта өтіп, жаңа серпін алды.

Наурыз мейрамы «Амал-Көрісу» күнімен басталып, әр бір күні  халқымызға тән ұлттық болмысты айшықтайтын тақырыптық іс-шаралармен жалғасуда. Биылғы жылы Қасиетті Рамазанның басталуы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келеді. Отбасыларыңызға шын жүректен бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілеймін», – деп атап өтті облыс әкімі.

Қала орталығында 3 ауыл – белгілі қазақ солисті-композиторы, ақын Біржан салдың 190 жылдығына арналған «Біржан Сал ауылы»; қазақ халық композиторы, белгілі балуан, спортшы Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған «Балуан Шолақ ауылы» ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық ерекшелікті сақтау мақсатында биыл алғаш рет алаңда «Қолөнершілер ауылы» орналасқан, онда өңірдің сәндік-қолданбалы өнерінің жетекші шеберлерінің жұмыстары ұсынылды. Сондай – ақ, белгілі ақмолалықтар – Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың мерейтойлық күндеріне арналған ауылдар орнатылды.

Қала орталығында қазақ халқының ежелгі дәстүрлерін – «Беташар», «Құда түсу», «Қыз ұзату», «Келін түсіру», «Қалжа той», «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Сүндет той» және т.б. бейнелейтін 18 тақырыптық киіз үй орнатылды.

Сонымен қатар «Тәуелсіздік» алаңында қазақша күрес, тоғызқұмалақ және т. б. ұлттық ойындары бойынша спорт фестивалі өтті.

Көкшетаулықтар мен қала қонақтары үшін 1500-ден астам қаланың, облыстық филармонияның, облыстық халық шығармашылығы орталығы, «Достар» МҮ және Ш. Хусаиновтың атындағы қазақ драма театрының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Осы күндері, Ұлыстың ұлы күні қаланың 12 шағын ауданында аталып өтті.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар