«Би тәңірі – Шара» облыстық хореографиялық байқауының жүлдегерлері марапатталды

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында биші, ұстаз, қазақ КСР халық әртісі Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған «Би тәңірі – Шара» атты  облыстық  хореографиялық  байқауы өтті.

 

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Ақмола облысының  Бұланды, Аршалы, Атбасар, Шортанды, Целиноград, Зеренді аудандарынан және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 16-30 жас  аралығындағы  жеке бишілер  қатысты.

 

Байқаудың әділ бағасын беру үшін қазылар алқасының құрамына Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері, қазылар алқасының төрайымы Гүлмира Ордабаева, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің хореограф-педагогтері Елена Буторина және Алтын Гайсина енді.

 

Байқау қорытындысы бойынша Ақнұр Хәкім (Степногорск қаласы) Бас жүлде иегері атанды. Төкежанова Әсел, Мукушкина Амира (Көкшетау қаласы) І орынға ие болса, Шабенова Сара (Аршалы ауданы) ІІ орынды, Ерболат Ләйлә, Әлімбаева Даяна (Қосшы қаласы) ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гала-концерт соңында облыстың хореографиялық ұжымдарының жетекшілеріне Г.Ордабаеваның «Қазақ халық биінің би элементтерін оқыту» шеберлік сыныбында өзінің кәсіби шеберлігін арттыруға, пікір алмасуға, практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар