Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылды - АРҚА АЖАРЫ

Темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыт іске қосылды

Республика күні қарсаңында Аршалы ауданында темір-бетон бұйымдарын шығаратын «SG Beton» зауыты ашылды. Жаңа кәсіпорын жол плиталарын, баспалдақтарды, темірбетон линтельдерін, панельдік едендерді және іргетас блоктарын шығарумен айналысады.

Оның ішінде жылына 456 600 қума метр өткір мұрынды қадаларды шығару жоспарлануда, ал, тәулік бойы 2 шақырым қадалар, сондай-ақ, жылына 650 000 шаршы метр көп қуысты плиталар шығарылады.Зауыт өнімі өңірдің ғана емес, Астананың да құрылыс нысандары арасында сұранысқа ие болады. Зауыт 240 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Жаңа кәсіпорынның ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.Құттықтау сөзінде өңір басшысы жобаны іске асырудың ішкі құрылыс нарығын қанықтыру, импортты алмастыру үшін маңыздылығын атап өтті.

–Құрылыс саласы басқа да негізгі салалардың дамуына ықпал ететін экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан және қуатты саласы. Құрылыс материалдарын өндіру – Ақмола облысының өңдеу өнеркәсібінің маңызды бағыттарының бірі. Осындай ірі жобалардың арқасында өңір экономиканың басым саласы болып қала беретін өнеркәсіп секторының әлеуетін арттыруды жалғастыруда, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Жобаның бастамашысы және авторы «G-PARK» ЖШС құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов болып табылады.Бұл «G-Park» компаниясының биылғы жылы индустрияландырудың бірыңғай картасы аясында жүзеге асырылған екінші ірі жобасы.

Өңірде құрылыс индустриясы саласында 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.Өңірдің құрылыс индустриясының кәсіпорындары цемент, кірпіш, минералды жүн плиталарын, пластмассадан жасалған құбырларды, темірбетон бұйымдарын, сондай-ақ, қиыршық тас, құм өндіруді іске асыруда.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Суретті  түсірген Айбек Данияров.

Инвестиция –экономикамызды көтерудің бір жолы

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Республика күні қарсаңында Аршалы ауданы, Волгодоновка ауылының маңында орналасқан заманауи «СГ Бетон» темір-бетон бұйымдары зауытының ашылуына қатысып, жұмыс сапары аясында басқа да бірнеше нысанды аралады.

– Жыл соңына дейін Жібек жолы ауылында Новоалександровка бас транзиттік қосалқы станциясында екі дербес жоба жүзеге асырылуда. Осы жерден 25 мыңға жуық адам тұратын елді мекен бойынша электр қуатыжелілерін үш шағын ауданға тарту және қуаттылығы жоғары екі трансформаторды ауыстыру көзделген, – дедіАршалы аудандық  сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасының бөлім басшысы Дәуренбек Нұрлыбеков, – Қосалқы станцияны қайта жаңғырту жобасының жалпы құны 563 миллион теңгені құрайды. Оған республикалық бюджеттен 462 миллион теңге, облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді.Мұнда ажыратқыштар, оқшаулағыштар, тарату сымдары ауыстырылады. Трансформаторларды ауыстыруда 700 миллион теңге игерілді.

– Жібек жолы, Жалтыркөл және басқа да ауылдардың халқы еселеп өсті, электр жүктемесін сенімді бөлу үшін қуаттылығы 10 мың киловольттық трансформаторларды 40 мың киловольттыққа ауыстырып жатырмыз. Бұл қазіргі заманғы экологиялық таза қосалқы станция. Ол мұнай өнімдерін пайдаланбайды. Біз қоршаған ортаға ешқандай әсер етпейтін газ ажыратқыштарын орнатамыз, – дейді «АРЭК» АҚ бас директоры Александр Павлов.

– Жоба өзекті, ауыл мен оның шағын ауданындағы халық саны жылдан-жылғаартып келеді. Қосалқы стансаның қуаты тұтынушыға жетуі өте маңызды. Барлық жұмыстарды сапалы атқару қажет, – деп тапсырды облыс әкімі Ермек Боранбайұлы.

Бұдан былай ауданда эндохирургия қолжетімді болатыны сөзсіз. Өйткені, бұрынғы қонақүйдің ғимараты қайта жөндеуден өтіп, эндохирургиялық емханаға айналуда. Жібек жолы ауылында жеке инвестор – «Эндохирургиялық клиника» ЖШС-ныңжеке есебінен амбулаториялық көмек көрсететін жаңа медициналық орталық іске қосылатын болады.

– Күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде электр, су, жылу және кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары бар. Нысанды пайдалануға беру 2023 жылдың көктеміне жоспарланған. Инвестициялардың жалпы сомасы 450 миллион теңгені құрайды. Бүгінге дейін осындай бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырдық, –дейді «Эндохирургиялық клиника» ЖШС-ның құрылтайшысы Салтанат Жанәлаева жобаны таныстыру барысында.

– Әрбір облыс немесе аудан орталығында мұндай деңгейдегі емханалар жоқ. Бұл Республика күніне жақсы жаңалық.Егер Целиноград ауданы, Қоянды ауылында осы сияқты отбасылық денсаулық орталығын салсаңыз, бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау болмақ, –деп атап өтті облыс әкімі Е.Маржықпаев.

Одан әрі, өңір басшысы Жібек жолы ауылындағы жалғыз басты қарияларғаәлеуметтік қолдау көрсететін «Дамир» пансионатының тұрғындарына жаңа теледидар мен бағалы сыйлықтар тарту етті. Пансионат басшысы, кәсіби медицина қызметкері Аманжол Бейсенова ауыр дертке шалдыққан ауыл тұрғындарына және тұрақты тұрғылықты жерінен айырылған азаматтарға қамқорлық жасап, көмек қолын созуда.

–Облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Қарттарымыздың көбі ауру-сырқау, тамақ, жөргек, дәрі-дәрмек, шприц дегеннің бәріне мұқтаж.  Өзімотынға көмір, ағаш сатып аламын. Материалдық көмек көрсетіп жатқан 8-шағын аудан тұрғындарына, ауыл әкімі Қ.Қанафинге алғысым шексіз. Бақытымызға орай, бұл үйді туыстарым ұзақ уақыт тұруға берді, мен пәтер ақысын төлемеймін. Әрқайсысы 100 мың теңгеден науқастардың балалары немесе туыстары материалдық көмек көрсетеді, – деді Аманжол Бейсенова өз сөзінде.

– Мен мұнда жиі келіп тұрамын, тамақты мешіттен және біздің шағын ауданның тұрғындарынан әкеліп тұрамын. Әр адамға 4-5 мезгіл тамақ беріледі. Пансионат басшысы жалғызбасты адамдарға медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, олардың өмірін қызықты демалыспен өткізуге тырысады, – дейді волонтер, 8-ші шағын ауданның белсендісі Дина Базарбаева.

– Аманжол біздің бірімізге қызымыздай, бірімізге апамыздай болып кетті. Өте жақсы күтім жасайды, тұрмысымыз да түзеліп қалды, жедел алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, дәмді тамақ беріледі, – дейді 54 жастағы Ерлан Секербаев. Ол бүгінде пансионатта күрделі отаны күтіп жатыр, кезегі келгенше 7-8 айын осында өткізуге тура келеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
 Вероника Бурда.

 Суреттерді түсірген Айбек Данияров.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар