Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа диірмен қуатымен ерекшеленеді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа диірмен қуатымен ерекшеленеді

Запорожье ауылында жаңа диірмен кешені ашылды. Диірменде айына 450 тоннаға дейін ұн өндіріледі деп жоспарлануда. Кәсіпорын өз өнімдерін еліміздің түрлі өңірлеріне жеткізуге, сондай-ақ, ауданның сауда орындарын жергілікті ұнмен қамтамасыз етуге ниетті.

Диірмен кешені өз өнімдерінің алғашқы партиясын шығарып, жергілікті наубайханалар мен дүкендерге жеткізді. Әзірге кәсіпорын өз қуатының үштен бірінде жұмыс істейді, яғни, тәулігіне 5 тонна ұн өндіреді. Толық қуатына жеткенде, күніне 15 тонна ұн шығаруға қауқарлы. Жабдық Ресейден әкелінген. Бұл қызмет көрсету ұзақтығының кепілі бола алады. Жартылай автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін болғандықтан, мұнда тек 4 адам жұмылдырылған.

–Біз тікелей ұсақтау әдісін қолданып, жоғары және бірінші сортты ұн мен кебек шығарамыз. Айта кеткен жөн, біздің өнімдеріміздің сапасы  жоғары, сондықтан да, ол ауданмен қоса, одан тыс елді мекендерде үлкен  сұранысқа ие. Әсіресе, Ресейден келген азаматтардың қызығушылығы жоғары.  Шикізаттан де мәселе жоқ, биыл астық жеткілікті, – дейді кәсіпорын директорының орынбасары  Игорь Хунзария.

Қазір өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге баса назар аударылып отыр. Ақмола облысында дәнді дақылдарды өңдеумен 37 ұн тартатын кәсіпорын айналысады. Олар жылына 800 мың тоннаға жуық ұн өнімдерін шығарады. Биыл бұл кәсіпорындар өндіріс көлемін бір жарым есеге арттырған көрінеді.

–Қазір біздің нарық бірінші кезекте Орта Азия елдері мен  еліміздің оңтүстік өңірлерін ұнмен қамтамасыз етіп отыр десек те болады. Өзбекстанда, Тәжікстанда және Ауғанстанда біздің ұнға үлкен сұраныс бар. Өңір фермерлері үшін Астана қаласына өнім жеткізу аса тиімді. Жылда елорда мен оның айналасындағы елді мекендерді азық-түлік белдеуі аясында ұн өнімдерімен қамтамасыз етеміз. Бірақ, биыл оның 70-75 пайызы  экспорттық айналымда кеткелі тұр, – деп түсіндірді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов.

Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша әлеуеті жоғары. Сондықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және шығару жөніндегі көптеген кәсіпорындар дамып, нығая түсуге бағдарлана отырып жұмыс істеуге ниетті.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

 Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар