Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
16 мың адам жұмыспен қамтылды - АРҚА АЖАРЫ

16 мың адам жұмыспен қамтылды

Ақмола облысында жыл басынан бері осыншама жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмыспен 10 мыңға жуық ақмолалықты қамтамасыз ету мүмкін болды. Халықтың табысын арттыру мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

–Бүгінде халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өңірде барлық жағдайлар жасалып жатыр. Осы мақсатта жергілікті мемлекеттік органдардың барлық мүмкіндіктері жұмылдырылып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Жыл соңына дейін 10 жобаның аясында барлығы 17 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның 10 мыңы – тұрақты. 16 мыңнан астам жұмыс орнының 4 мыңнан астамы Ұлттық жобалар аясында құрылған. Сондай-ақ, біз облыстың 3,5 мыңнан астам тұрғынын белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз еттік. 8 378 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды. Жыл соңына дейін 18 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, – деді Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова.

Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру жұмыссыздық мәселесін шешуде жақсы шешім болды. Мәселен «Еңбек» бағдарламасы бойынша 83 ақмолалық жұмыспен қамтылып қана қоймай, өздерінің жеке кәсіптерін ашқан. Өзге де жобалар өңірдің мыңдаған тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

–«Сапалы білім» және «Білімді ұлт» жобалары бойынша 176 жұмыс орны ашылды. «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында өңірдің 358 тұрғыны жұмыспен қамтылды. «Жасыл Қазақстан» жобасы арқылы 1096 жұмыс орны құрылса, «Агроөнеркәсіптік кешен» жобасы бойынша 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында біз 63 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасының «Индустриялық-инновациялық даму» бағыты бойынша облыстың 256 тұрғыны жұмысқа орналасты, – дей келе, басқарма басшысы нақты статистиканы келтірді.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқыту өңір тұрғындарын жұмысқа орналастырудың жеке бір бағытына айналды. Осылайша 500-ден астам ақмолалық осы жылы қысқа мерзімді курстардан өтуі тиіс.

–Жұмыспен қамту орталықтарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндігі бар. Мысалы, белгілі бір адам 6 ай бойы оқу оқып, осы уақытта осы оқығаны үшін оған ақы төленеді. Оған қоса, 2 АЕК сомасына медициналық тексерістен өтеді, 4 АЕК мөлшерінде жол жүру мен тұру ақысы да төленеді. Кейін ол 100 пайыз жұмыспен қамтылады, – деп түсіндірді мамандар.

Бұған қоса, облыстың 3 мың 275 тұрғыны субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде жастар тәжірибесі бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің 537 түлегі жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмыстарғда 2 мыңнан астам ақмолалық тартылған. Қалған бөлігі алғашқы жұмыс орны, күміс жас, ұрпақтар келісім-шарты сияқты басқа жобалар бойынша жұмыспен қамтамасыз етілген.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар