«Заң керуені» акциясы басталды

Біржан сал ауданының мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың қатысуымен және сөз сөйлеуімен «Заң керуені» акциясының тұсаукесері болып өтті.

Жиынға Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаев,Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов және Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бастығы Нұраби Төлеутай, облыстық полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Сонымен бірге,тұсаукесерге аудан орталығы мен ауданның елді мекендерінен 300-ге жуық тұрғын жиналды.Бұл «Заң керуені» акциясының мақсаты – жергілікті тұрғындарға жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру.Облыс прокуроры өзінің сөзінде азаматтардың тілектерін естудің және олардың мәселелеріне уақтылы жауап берудің маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі таңда прокурорлар облыс тұрғындарының осы тұрғыдағы барлық мәселелерін зерделеп, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп шешудің егжей-тегжейлі жоспарын жасады.Осы жұмыс аясында ағымдағы жылы мемлекет кірісіне 2 миллиард теңгеге жуық қаражат өндіріліп, мемлекетке 300 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер қайтарылды.

Сондай-ақ, кездесуде халыққа көрінеу-көзгежалған ақпараттарды, терроризм актісі туралы жалған хабарламаларды, басқа ұлт өкілдері туралы теріс мәлімдемелерді таратуға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.Бұдан басқа, халыққа қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтардан сақтық шаралары жеткізілді.Облыс прокуроры осы акция аясында облыстың барлық аудандары мен елді мекендерін қамтуды жоспарлап отырғантоптар құрылғанын атап өтті. Ол топтардың құрамындаоблыстық әкімдіктің,облыс прокуратурасының, облыстың мемлекеттік органдары және құқық қорғау орындарының өкілдерібар.

Тұсаукесердің ресми бөлімінен кейін облыс прокуроры облыс әкімінің орынбасарымен, облыстың құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды. Онда тұрғындардың проблемалары тыңдалып, тиісті басшыларға оларды шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, науқан шеңберінде прокурорлар ауданда жерді пайдаланудың заңдылығы мәселесін зерделеді, оның нәтижесі бойынша пайдаланылмай жатқан 70 мың гектар жерді қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Акция облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде бір ай бойы өтеді, белгілі бір елді мекенде оның өтетін күні мен орны туралы БАҚ арқылы хабарланатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар