Бүгін республика күні қарсаңында Ақмола облысының Сандықтау ауылында 72 отбасы пәтер кілтін алды. Тұрғын үй алған кезектегілердің қатарында жетім балалар, толық емес, көп балалы және ерекше қажеттіліктері бар балалар отбасылары, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 36 пәтерлі екі тұрғын үй салынды, ол халықтың қалың тобына бағытталған және тұрғын үй мен құрылыс секторына қолжетімділікті қолдаудың түрлі тетіктерін ұсынады. Әр үйде 12 бір бөлмелі, 16 екі бөлмелі және 8 үш бөлмелі пәтер бар.
Кілттерді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев табыстады.
«Республика күні — ұлттық мерекесі қарсаңында сіздерге пәтерлердің кілтін тапсыру — біз үшін ерекше қуаныш. Ауыл тұрғындары үшін заманауи ойын кешені және спорт алаңдарымен абаттандырылған тұрғын үй кешені құрылғанын атап өткім келеді. Бұл тұрғындарға бос уақытын ұйымдастыруға және ашық ауада спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Қоныс тойы-кез келген отбасы үшін үлкен мереке. Бүгін көптен күткен баспанаға ие болып, жаңа қоныстанушыларды тағы да құттықтаймын», — деп атап өтті өңір басшысы құттықтау сөзінде.
Пәтердің бақытты иегері ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Наталья Шаповалова болды, ол даму ерекшеліктері бар баланы тәрбиелеп отыр.
«Үш жыл кезекте тұрдым. Менің отбасым үшін бұл өте маңызды оқиға. Біз жаңа заманауи үйде пәтер алуға қуаныштымыз. Пәтер жарқын, жайлы, жылы, жақсы орналасуы бар. Осындай мемлекеттік бағдарламалардың бар екеніне өте қуаныштымыз, соның арқасында біз өз баспанамызды да алдық. Мереке қарсаңында бұл өте маңызды және қуанышты», — деді ауыл тұрғыны.
Айта кетейік, өңірде ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұлттық жобаларды іске асыруға көп көңіл бөлінеді. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрбір қазақстандық отбасын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету болып табылады.
Өткен жылы облыста 5 мыңға жуық ақмолалық отбасының тұрғын үй жағдайлары жақсарды, биылғы жылы 700 мың шаршы метр тұрғын үй, бұл шамамен 5,5 мың пәтер құрылысы жоспарлануда.