Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл да біз Республика күнін еліміздің басты мерекесі ретінде тойлаймыз. 1990 жылғы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануы қазақ халқының мемлекеттілігін жаңғырту мен нығайтудың үдерісін алдын ала айқындап, еліміздің жаңа тарихының бастау нүктесі болды.

Содан бері елімізде тұрақты экономикалық жүйе құрылып, әлеуметтік сала үздіксіз дамып, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жас республикамыз өзін ірі интеграциялық идеялар мен бітімгершілік жобалардың бастамашысы ретінде танытқан, мәдениет  пен өркениетдиалогын нығайтуға бұрын-соңды болмаған қадамдар жасаған халықаралық аренада да елеулі табыстарға қол жеткізілді.

Еліміздің стратегиялық жобаларын жүзеге асыруға Ақмола облысының да қосқан үлесі зор. Өңірлер бойынша біз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша бірінші орында тұрмыз. Біз республикаға алтын өндіретін өндіріс орындарымыз және комбайндар мен тракторлар, жүк көліктері мен мамандандырылған көліктер беруде алдыңғы қатардамыз. Біз құс еті, өңделген сүт, ұн және өсімдік майы бойынша еліміздегі жетекші өндірушілердің бірі болып қала береміз.

Біз жүйелі түрде инвестициялауға тырысамыз, өйткені, бұл түптеп келгенде жұмыс пен халықтың табысын білдіреді. Жаңа тұрғын үй құрылысы жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Барлық дерлік аудан орталықтары мен облыс қалаларында жаңа үйлер салынуда. Тек соңғы екі жарым жылда 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 12 мыңнан астам жаңа қоныстанушылар деген сөз. Әрине, біз бұл жұмысты әрі жалғастырамыз.

Құрметті жерлестер!

Сіздердің еңбектеріңіздің, бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында толағай табыстарға жеттік. Бүгінде еліміз болашаққа, Жаңа Қазақстанға нық қадам басып келеді. Еңселі мақсаттарды жүзеге асыруға қажырлы еңбек, бір-бірімізге деген құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншіліктің көмектесетініне сенімдімін.

Осы жарқын да қуанышты мерекеде әрбір отбасына денсаулық пен амандық тілеймін! Біздің көп ұлтты халқымызға бейбітшілік пен келісім серік болсын. Біздің Отанымызға, Қазақстан Республикасына өркендеу  тілеймін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймын!

1990 жылдын 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадам болды. Құжат ҚазКСР егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда алғаш рет аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді. Осы декларацияның арқасында біз кеңестік заңдардың қолданылуын тоқтатып, өз заңдарымызды қабылдай бастадық.

Бүгін біз Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде барлық геосаяси процестердің толыққанды қатысушысы, бейбітшілік пен келісімнің тірегі ретінде өзін таныта отырып, жерінің тұтастығын, бірегейлігін сақтап, сонымен бірге, әрбір азаматтың өмір сүру сапасын арттыруда, дамытуда үлкен серпіліс жасай отырып, халықаралық қоғамдастықтағы өз ұстанымын берік нығайтты деп батыл айта аламыз.

Бүгін мереке қарсаңында сіздерге, қымбатты ақмолалықтар, күнделікті қажырлы еңбегіңіз, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, біздің берекелі жерімізде бірлік пен келісімді сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін үлкен ризашылық білдіруге рұқсат етіңіздер. Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, амандық, ертеңгі күнге сенімділік тілеймін!  Сіздердің игі істеріңіз көбейе берсін, ал біздің республикамыз нығайып, егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз мызғымасын!  Ал, сіздің үйлеріңізде бейбітшілік, әл-ауқат және  молшылық болсын!

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар