Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшедегі жоғары білімнің қара шаңырағы - АРҚА АЖАРЫ

Көкшедегі жоғары білімнің қара шаңырағы

Қасиетті де киелі Көкше жеріндегі бүгінде жоғары білімнің қара шаңырағы атанып, алпыстың асқарына шыққан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті замана талабына сай мамандар даярлауда.

Тарихқа үңілетін болсақ, Көкшетау педагогикалық институты сонау 1962 жылы 25 шілдеде, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №563 Қаулысы бойынша ашылған. Облыста жаңа кеңшарлар ұйымдастырылыпжатқан кез болатын. Білім ошақтары көбейе түсті, соған орай мұғалімдерге деген сұраныс таөсті. Көкшетауда мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орнының ашылуы өңірдің мәдени және қоғамдық өңіріндегі маңызды оқиға болды. Алғашқы оқу жылы 1962 жылдың 10 қыркүйегінен басталып, үш мамандық бойынша студенттер қабылдады. Аймақта педагог кадрларды даярлаумен қатар, өнеркәсіп пен құрылысқа да мамандар даярлау басталды. Жоғары білім жүйесіндегі жаңғырудыңнәтижесінде 1996 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №143 бұйрығымен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы институты мен Қарағанды политехникалық институты филиалының бірігуі негізінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.

Бүгінде бакалавриаттың 58 мамандығы, магистратураның 40 және PhD-докторантураның 10 мамандығы, сондай-ақ, 10 салада 28 бағыт бойынша оқыту жүзеге асырылуда.Университеттің 20 кафедрасында білікті де  жоғары санатты 410 оқытушы-профессорлар еңбек етеді. Оның ішінде 20 ғылым докторы, 20 профессор, 90 ғылым кандидаты, 214 магистр, 23 PhD докторы өскелең ұрпаққа терең білім беруде. 37 оқытушы ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері және 38 оқытушы әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтіп, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары атанып отыр. Бұл дегеніміз өңірлік оқу орындары үшін өте жақсы көрсеткіш.

Өзіндік сара жолы қалыптасқан аталмыш университеттің болашаққа бағытталған мақсаттары айқын, әлеуеті жоғары. Заман талабына сай барлық тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған университет заманауи  құндылықтарды ескере отырып, білім берудің озық үлгісін қалыптастырып та үлгерді. 2000 жылдан бастап жоғары оқу орны оқу-әдістемелік жұмыс тиімділігін бағалаудың рейтингілік жүйесіне көшіп, 2003 жылы кредиттік оқыту түрін, 2004 жылдан бері сапа менеджменті жүйесін енгізген.Сондай-ақ, республикадағы оқу орындары арасында алғашқыларының бірі болып үш деңгейлі оқыту жүйесін енгізіп, 1998 жылы университетте тұңғыш рет магистратура ашылды.

Жоғары білім беретін зиялы орданың бір басым бағыты –алыс-жақын елдермен қарым-қатынас орнату.Халықаралық ынтымақтастық саласында жүзден аса серіктестіктер, ғылыми орталықтар бар.Университет жыл сайын халықаралық ынтымақтастық байланыстарын барынша арттырып, оларды жаңа мазмұнмен толықтырып отырады.

Ендігі кезекті алған белестеріміз бен бірқатар тиімді көрсеткіштерімізге арнасақ. 2013 жылы мемлекеттік аккредиттеуден, ұлттық  институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтсек, бүгінде бакалавриат пен магистратураның алпыс білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге сәйкестігін дәлелдеп отыр. 2010 жылы қыркүйек айында  аталмыш оқу орны Ұлы Хартия келісіміне (Болондық декларация) қол қойды. Ал, Еуропалық және Еуразиялық университеттер қауымдастығына мүше болып енуі, университеттің халықаралық тұрғыдан танылуының куәсі болып табылады.Осыдан алты жыл бұрын,республикалық «Президент жәнеХалық» қоғамдық-саяси газетінің «Уақыт таңдауы – Выбор времени»агенттігімен бірлескен жобасы бойынша өткізілген жыл таңдауларын анықтайтын дәстүрлі  байқауда «Жылдың үздік жоғары оқу орны» атағына ие болдық. Қазіргі таңда Көкшетау мемлекеттік университеті 12 патенттің иегері болса, университет оқытушылары 300-ден астам патенттің авторлары. Іске асырылып жатқан еуропалық жобалар саны бойынша университетіміз Қазақстан жоғары оқу орындарының арасында 4 орынды иеленіп отыр.2009-2016 жылдар аралығында Темпус IV 6 жобасы және жоғары білім әлеуетін арттыруға бағытталған «Эразмус плюс КА 2» 4 жобасы ұтып алынды. Темпус 2012 I-WEB жобасы аясында «Су сапасы» ғылыми-зерттеу зертханасы да ашылды. Он жылдан асты,еуропалық білім беру жобаларын үйлестіру үшін «Еуразия» еуропалық бағдарламалар бөлімі құрылды. 2018 жылы іске асырылып жатқан жобалар санының артуына байланысты халықаралық жобаларды басқару орталығы құрылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің қойып отырған талабына сәйкес, қазір мақсат-мүдделеріміз бен миссиямыз да өзгеріп, жаңа арнаға бұрылды. Аймақта оқу орнының мәртебесін көтеру, осы елге маман даярлайтын болғандықтан, соған бейімделіп, үлес қосу басты міндет екені анық. Өңір мен еліміздің сұранысына сәйкес кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету үшін пәнаралық және құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар да жүргізілуде.Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Атамекен» рейтингісіне университетіміздің 33 білім беру бағдарламасы қатысты, оның ішінде 19-ы еңбек нарығының сұранысына сай алғашқы ондыққа кірді. Сондай-ақ, университетте дәріс, практикалық сабақтар, өндірістік практиканы өткізу үшін оқу үдерісіне өндірістік қызметкерлерді тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, бұл бағытта 81 жұмыс беруші тартылды.

Университет түлектері Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында 4-ші орынға ие болып отыр. Бұл біздің педагогикалық ұжымның шеберлігін көрсетіп отырғандығының айқын көрінісі.БүгіндеUalikhanov University QS EECA рейтингісінің топ 300 қатарына енгені ұстаздар қауымын қатты қуантады.

Жылдың тағы бір жетістігі – Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы «Ualikhanov University – парасатты университет» атты жоба бойынша республикалық байқаудың жеңімпазы атануымыз. Биылғы  жылы жоғары оқу орнына түсуге арналған мемлекеттік гранттар конкурсының қорытындысы бойынша 2180 талапкер біздің оқу орнын таңдады.

Қазір Министрлік студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бағытындажекеменшік инвесторларға да, оқу орындары үшін де тиімді қайтарымы бар шарттарды дайындап жатыр. Бұған дейінгі жатақхана салу ережелерінде бизнес-инвесторлар үшін, экономикалық ахуалға байланысты  белгілікті кедергілер, қиындықтар болғаны рас.Қазіргі кезеңде өзімізде де мың жарым адамдық бес жатақханалардың болуына қарамастан, ол әрине, біздің толық сұранысымызды қанағаттандырмай отыр. Осыған байланысты барлық қажетті құжаттар, сараптамаларды дайындап қойдық. Мүдделі құрылыс компанияларыинвесторлармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, келер жылы қос кезеңмен 250 орындық екі жатақхана салу жоспарымызда бар.

Кез келген мемлекеттің, жалпы қоғам үрдісінің байлығы, оның негізгі капиталы – адам екені белгілі. Адам мен қоғамды ажырата алмайсың, екеуі де бір бұлақтың көзінен арна алады. Мемлекет адамдардың кәсіби біліктілігіне,құндылықтарына сүйенеді. Ал осы рухани, ізгілікті құндылықтарды жас ұрпақ бойына қалай сіңіреміз, қаншалықты бүгінгі күн талабын әділетті де жаңа қоғам келбетіне лайықтай аламыз? Осы орайда, мемлекет тарапынан жастарға деген қолдаудыңмаңызы зор.

Мемлекеттік грант сандарының көбеюі, барлық білім-ғылым белдеуі бойынша шәкіртақылардың өсуі, әсіресе, педагогикалық мамандықтарға деген көзқарастың бағыты, ақылы жүйеде оқитын студенттерге деген несиелік жеңілдіктер, «Жас ғалым» жобасы, жергілікті атқару орындарының жәрдемі – бәрі де жас адамның тәрбие көзі болып табылады. Осы жерде мен облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтарлықтай көмегін айтып өткім келеді. Жыл сайын педагогикалық және медициналық мамандықтарға арнайы гранттар мен шәкіртақы бөлінеді, қазірдің өзінде олардың саны 558 студентті құрап отыр.

Тағы бір айтулы шаралардың бірі, міне, 30 жылға жақын университет қабырғасында қазақтың тұңғыш ғалымы және ұлы ағартушысы Шоқан Уәлихановтың құрметіне дәстүрге айналған «Шоқан оқулары»атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіліп отырады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік жиынға әлемнің көптеген мемлекеттерінен  және де еліміздің барлық өңірлерінен білікті ғалымдар мен профессорлар, докторанттар мен магистранттар қатысады. Ғылымның сансаласы қамтылған бұл конференцияда заманауи басым бағыттарға сәйкес теориялық және әдістемелік мәселелер жан-жақты талқыланып, баяндамалар сарапқа салынуда. Сонымен қатар, университет магистранттары мен докторанттары Ресей, Польша, Латвия, Германия сынды және тағы басқа көптеген елдерде шетелдік тағылымдамадан өтіп отырады.

Қазіргі кезеңде тәрбие,тағылым, рухани сана, мемлекетшілдік, отансүйгіштік, елге қызмет сияқты қасиеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқанындай, Жаңа,Әділетті Қазақстанға арналуы керек. Осы орайда біз бұрынғы даңғазалық, көрсеткіштік, жалаң ұраншылдықтан арылып, бүгінгі күн талабына, жастар менталитетіне, заман ағымына бейімделуіміз қажет. Олар әрине ізденісті, шығармашылықты, бейімділікті  қажет етеді.Біздің университет студенттермен жұмыс істеудің жаңа түрлерін іздеуде. Бұл бағыттағы өткен жылдың мақтанышы – Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындары қолдаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық агенттігінің қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өткізілген «AntiParaCraft» квест-ойынының жаңа жобасы. Биыл «AntiParaCraft» квест-ойынының 2-ші маусымы өтті.Сондай-ақ, Парасаттылық мектебі ашылып, комплаенс-офицер лауазымы енгізілді.

Бұл тәсіл өз нәтижелерін беруде. Оқу ордасының студенттері Алтынбек Арапов пен Шыңғыс Балтабаев«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы»атты халықаралық бейнероликтер байқауының жеңімпаздары да атанып үлгерді.Университетте дарынды және әлеуметтік жағдайлары төмен жастарға да қолдау көрсетіледі. Айтар болсақ, 49 түлекке 5 631 350 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Білім ордасында 5 Алтын белгі иелері және Президенттік олимпиаданың 2 жеңімпазы тегін білім алуда, сондай-ақ,халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарына 10 білім гранты бөлініп отыр. Көкше жері сұлу табиғатымен ғана емес, белгілі тұлғаларымен де танымал екені белгілі. Солардың бірегейлері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Еркін Әуелбеков пен Кәкімбек Салықов. Осы орайда  биылғы оқу жылынан бастап, оқуы үздік,әлеуметтік мұқтаждығы бар екі студентке ғылыми кеңестің шешімімен ай сайын 100 000 теңге көлеміндеарнайы шәкіртақы тағайындадық. Қоғамдық көпшілік те, ардагерлер де, ұстаздар қауымы да мұны бірауыздан құптады.

«Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаматтығымыздың алдаспаны» демекші, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетаууниверситетінде студенттердің сапалы білім алып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуы ғалымдарымыздың, ұжымның еселі де еңселі еңбегінің жемісі екендігі даусыз. Келешекте де отандық жоғары оқу орындарыныңүздік көшінде болып, қоғам өмірінің барлық салаларында университеттің озықдәстүрін, өзіміздің ғылыми әлеуетімізді одан әрі жалғастыра беретіндігімізге сенімім мол. Білім мен ғылымның күн сайын алға жылжып, инновацияның дамыған заманында жас ұрпаққа лайықты білімберіп, білікті маман тәрбиелеу оқу ордасының берік еншісінде.

Мақсатымыз нақты, меже бар, күш-жігерімізді білім саласындағы   ауқымды міндеттерді шешуге жұмылдырсақ, көздеген мақсаттарымызға жететініміз айқын болмақ!

Марат СЫРЛЫБАЕВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар