Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшенің ел білетін ерен Мәриямы! - АРҚА АЖАРЫ

Көкшенің ел білетін ерен Мәриямы!

Мәриям Кенжеахметқызы! Бұл аяулы есімді құлағы шалған жұрттың елең ете  қалары бар! Өйткені, Мәриям апайымыз ақмолалықтар, соның ішінде көкшеліктер үшін жай ғана атын естіп, үнсіз қалатын кездейсоқ бір жан емес. Көпке белгілі, есімін талайлар құрметпен және сүйіспеншілікпен атайтын, Көкшетау, Ақмола облыстарының мәдениет саласына, телевидениесі мен радиосына, әсіресе, музейтану ісіне өлшеусіз еңбегін сіңірген қайраткер, осы жолда көп еңбегі бар атаулы тұлға!

Кейінгі жылдары денсаулығына байланысты көпшілік назарынан тыс қалғандай көрінгенімен, қазақтың осы бір қайсар  рухты, жоғары мәдениетті асыл қызының өткен өмір және еңбек жолы талайға үлгі шашып, ұлтқа, елге қызмет етудің шынайы көрінісін айғақтап тұрғандай.

Олай болса, 20 қазанҚазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Мәриям КенжеахметқызыКенжеахметтың туған күні. Бұл күні қадірлі апайымыз 75 жасқа толып отыр.

Өлкеміздің өркендеуіне қомақты үлес қосқан, халқымыздың мәдениеті мен өнерінің шынайы жанашыры Мәриям Кенжеахметқызы 1947 жылдың 20 қазанында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавловка ауылында дүниеге келген. 1969 жылы еңбек жолын Көкшетау қаласында мектепте ұстаздық қызметтен бастаған Мәриям Кенжеахметқызы1982-1984 жылдары алғаш ашылған Көкшетау облыстық телевидениесінде режиссер, ал, одан кейін ол аз ғана уақыт жұмыс істеп, жабылып қалған соң облыстық радиода диктор қызметтерін атқарады.

Мәдениет саласындағы ұзақ жылғы қажырлы қызметін1987 жылы Көкшетау қалалық мәдениет бөлімін басқарудан бастаған Мәриям Кенжеахметқызықаламыздағы1989 жылы ашылған әдебиет және өнер музейінің негізін қалаушы әрі бірінші директоры болды. Одан әрі Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин музейінің  (1995 ж.)іргетасын қалады. Мәриям апайымыздың нақ осы музейге үлкен жүрек жылуын арнап, оның іргелі мұражай болуына бар күш-жігерін жұмсауының бір себебі, осы елі сүйген, елін сүйген батыр ағамызға деген үлкен құрметімен қатар, ол кісінің апайдың аяулы жары, журналист-жазушы Жанатай Бекеновтың немере ағасы болуынан да еді. Бұл орайда, Мәриям апай Батыр алдындағы өзінің келіндік парызын да барынша адал, тамаша орындаған жан.

Тәжірибелі экспозициашы, білікті маманның әдістемелік бағыт-бағдар беруімен Тайынша ауданында Жақан Сыздықовтың, Зеренді ауданында Мәлік Ғабдуллиннің, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда Айқын Нұрқатовтың музейлері, сонымен қатар,Бурабай ауданында Есмағамбет Ысмайылов музейі, Айыртау ауданында Айғаным үй-жайы экспозициялары құрылды.Музейлер ашылып қана қоймай, іс жүзінде тарихи-мәдени ортаға айналуы жолында, халқымыздың тарихи құндылықтарын, рухани-мәдени мұрасын зерттеп, зерделеп, келер ұрпаққа сабақтастыруда, музей ісін жетік меңгерген шәкірттер тәрбиелеуде Мәриям Кенжеахметқызының еңбегі орасан зор.

Бұл кісі туралы білдірілетін «Музейдің іргетасын қалаушы», «Музейдің экспозициясын құрушы», «Ғылыми тұжырымдама авторы» ұғымдарының астарында жылдар бойғы қажырлы еңбек, өз ұстанымын, оның дұрыстығын дәлелдеп, бастама көтеріп, өкілетті орындардың табалдырығын тоздыру, ұйқысыз түндер, ізденістер жатыр… Оның асқан ыждаһатпен тірнектеп жинаған музейлік заттары, жәдігерлері туған өлкемізге, оның тарихына, сол тарихты жасаушы тұлғаларға деген құрметінің көрсеткіші, өлшемі іспеттес. Мәриям апай1997 жылы Көкшетау облыс орталығы мәртебесінен айырылған қиын кезеңде дехалқымыздың рухани-мәдени құндылықтарын сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, соның нәтижесінде қаламыздағы өзі іргетасын қалаған мәдениет ошақтарының басын қосып, «Көкшетау» музейлері бірлестігін құрды.

Музейлер бірлестігін басқарған жылдары өзінің ұйымдастырушылық, дипломатиялық қабілетімен, қайсарлық, парасаттылық қасиеттерімен одан әрі жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.  Мәриям Кенжеахметқызының өзінің жылдар бойы жинақтаған бай тәжірибесінің негізінде жазған «Музей әлемі» атты ғылыми еңбегі әрбір музей қызметкеріне ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра, жауһар дүниелерді дәріптеу, руханият­ты дамыту, тарихи-мәдени дәстүр­лер­ді сақтап, насихаттауда тура бағыт-бағдар беретін аса құнды әдістемелік құрал.

1999 жылдан бастап Мәриям Кенжеахметқызы «Ақмола-Бөбек» балалар қорының атқарушы директоры қызметін қатар атқарып, облысымыздағы ата-анасыз және аз қамтылған отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсетумен де белсене айналысты.

Сонымен қатар, Мәриям Кенжеахметқызының 50-ден астам әннің авторы екенін де, осы әндерінің ішінде небір көңіл күйін асқақтататын шұрайлы дүниелерінің барын да біреу білсе, біреу білмес. Міне, осындай жан-жақты дарын мен қабілет иесініңбастамасымен2000 жылдары  «Көкшетау» музейлер бірлестігіжанынан құрылған «Дастан» музыкалық-фольклорлық ансамблі көкшеліктерге ғана емес, республика бойынша да танымал болғанын айту тағы бір ғанибет.

Олай болса, бар саналы өмірін ұлтының, елінің мәдениет саласына арнаған, осы жолда көнені жаңғыртып, жаңаны айналымға енгізген Мәриям Кенжеахметқызын 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!Сіздің өмірлік ұстанымыңыз, адами болмысыңыз ізбасарларыңыз үшін қашанда өнеге-үлгі! Қаламыздағы өзіңіз іргетасын қалаған  музейлердің,  кезінде өзіңізден музей ісінің қыр-сырын үйреніп, тәлім алған ізбасарларыңыздың әрбір жетістіктері Сіздің ұстаздық ұлағатыңыздың жемісі! Отбасыңыз аман, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Біз сіздің ерен істеріңізді, соның ішінде Мәлік Ғабуллин ағамыздың әдеби және ғылыми  мұрасы мен жеке заттарын сонау тоқсаныншы жылдары тұйықтан жол тауып, Алматыдан Көкшетауға әскери ұшақпен әкелгеніңізді де ұмытпаймыз. Сол үшін де сізге жалғыз көкшеліктер емес, батырдың аруағы да риза!

Күнсұлу НҰРҒАЛИЕВА,
Көкшетау қаласының тарихы музейі
ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар