Республика күніне орай бір топ ақмолалық марапатталды

Салтанатты шараға жиналғандар алдымен «Көкшетау» мәдениет сарайының фойесінде жергілікті суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің суреттері қойылған көрмені тамашалады. Үлкен экранда ақмолалықтардың бейне-құттықтаулары көрсетілді.

Құттықтау сөзінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Республика күнінің тарихи және саяси маңыздылығына, сондай-ақ, өңірдің биылғы жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала келе, оған ақмолалықтардың қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

«Сіздердің қажымас еңбектеріңіздің арқасында біз Тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Егемен Қазақстанның және өңіріміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсыңызға шынайы алғысымды білдіремін. Бүгінгі таңда біз болашаққа үлкен сеніммен қараймыз. Барлық болашақ табыстар бірлік пен еңбекқорлыққа байланысты екеніне сенімім мол», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторларын орындау бойынша бірінші орында тұр.
«Ел ауқымында біз әр 4-ші килограмм алтын, 100 пайыз подшипник, әрбір 2-ші мамандандырылған автомобиль, астық жинайтын комбайн, әрбір 3-ші трактор және 8-ші жүк көлігі, әрбір 4-ші тонна құс еті және 7-ші тонна өңделген сүт, сондай – ақ ұн мен өсімдік майының көп бөлігін өндіреміз», – деді облыс әкімі.

Ермек Маржықпаев атап өткендей, биыл облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі тарихи межеден өтіп, бір жарым триллион теңгеге жақындады. Аграрлық секторда, металлургияда, химия өнеркәсібі саласында және т.б. жақсы қарқында дамуда.

Ұлттық мереке құрметіне жемісті мемлекеттік, қоғамдық және шығармашылық қызметі үшін 36 адам мемлекеттік наградалармен, 5 адам Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Іс-шара барысында облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Белсенді қайырымдылық қызметі үшін бүгін «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері жарияланды.

«Осындай жоғары наградаға ие бола отырып, мен Қазақстан халқы үшін ұлттың маңызы жоқ екенін, терінің түсі де маңызды емес екенін, сенің кім екеніңді, не істеп жатқаныңды және жерінде өмір сүріп, жұмыс істейтін халыққа қандай жұмыс әкелетініңді дәл түсіндім. Біз жақсы істер жасауымыз керек.

Баршаңызға бейбітшілік, келісім тілеймін. Бұл үшін әрқайсымыз қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Мереке құтты болсын!», – деді Шортанды ауданы «Новокубанское» ЖШС құрылтайшысы Шалва Джахуташвили, үшінші дәрежелі «Барыс» орденінің иегері.

Айта кетейік, ұлттық мереке қарсаңында облыста 30-ға жуық әлеуметтік және өнеркәсіптік нысан – Сандықтау ауданындағы стадион, Аршалы ауданында бетон бұйымдарын дайындау зауыты, Сандықтау және Жақсы аудандарында тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар