Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Республика күніне арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық айтыстың жүлдегерлері марапатталды

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Республика күніне арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық айтысы өтті.

Өнер додасына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан сөзге шешен 10 суырып салма ақын қатысты. Айтыскерлер өнерін бағалап, таразылап, әділ бағасын берген қазылар алқасы – өңіріміздің өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылары болды.
«Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық айтысын танымал ақын, айтыскер, жазушы Арман Бердалин жүргізді.

Бас жүлде мен 600 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаттың иегері Батырлан Сағынтаев(Қостанай облысы)атанды.

Жүлделі І орын мен 300 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Ақбота Манарбекқызы (Астана қаласы иеленсе, ІІ орын мен 200 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификат Ерлан Дәулет (Ақмола облысы) бұйырды.

ІІІ орын мен 100 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Нұртілеу Төленбек (Астана қаласы) еншіледі.

Барлық айтыскер ақындарға ұйымдастыру алқасының дипломдары мен естелік кәдесыйлары табыс етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар