Бүгін облыс орталығында Республика күніне орай Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, қаланың құрметті азаматтары, қоғам өкілдері, күш құрылымдары мен жастар қатысты. Туды көтеру мемлекеттік Әнұранның орындалуымен қатар жүрді.
Айта кетейік, биыл Республика күні еліміздің басты мерекесі мәртебесінде аталып өтілуде. Іс-шара облыстың барлық аудандарында өтеді. Күні бойы мереке концерттік бағдарламалармен және патриоттық акциялармен жалғасады.