«Республикам байтақ елім» мерекелік шарасы өтті

Ақмола полицейлері Республика күні қарсаңында жаңа қызметтік автокөліктерге ие болды. Оқушыларды тасымалдау үшін жиырмаға жуық автобус берілген мектептер де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, ұлттық мереке алдында облыстың дамуына үлес қосқан ақмолалықтар мемлекеттік наградаларға ие болды. Облыста Республика күніне барлығы 1 мыңға жуық іс-шара жоспарланған. Және сол шаралар легі қарқынды жалғасып келеді.

50-ге жуық жаңа қызметтік автокөліктер мен арнайы техниканың кілттері тәртіп сақшылары мен құтқарушыларға табысталды. Ауыл мектептері де қуанышты. Бүгін олар оқушыларды тасымалдауға арналған  65 автобус алды.

–Бұл біз үшін өте қуанышты оқиға. Республика күніне орай біз балаларды шалғайдағы мектептерге апаратын жаңа автобустың кілтін алдық.  Біздің ауданда 320 оқушы 8 мектепке алыс ауылдан келіп оқиды. Сондықтан жаңа, жайлы және заманауи көлік алу біздің балаларымыз үшін маңызды,–дейді Біржан сал ауданы білім бөлімінің басшысы  Ақкенже Ақшалова.

Мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар мен кәсіпкерлер бүгін жоғары марапаттарға ие болды. Олардың барлығы көпжылдық еңбегімен өңірдің экономикасын нығайтады және оның дамуына өз үлесін қосып келеді. Ұлттық мерекенің маңыздылығы мен облыс жетістіктерін спикерлер атап өтті.

–Мен грузин ұлтының өкілімін. 16 жасымда футбол ойнауға келген едім. Мен 3 жылға таман спортпен ацналыстым. Кейіннен еңбек жолымды осы жақта бастап,  Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма 53 жыл болды. Осы 53 жыл өмірімді Қазақстанда сүргеніме ешқашан өкінген емеспін. Біз бәріміз бірге елімізді, жерімізді гүлдендіруге, өркендетуге үлес қосуымыз қажет. Әсіресе қазір, барлығымыз көріп жатырмыз,  әлемде қаншама алаңдатарлық оқиғалар орын алып жатыр,–дейді Шортанды ауданының шаруа қожалығының басшысы Шалва Джахуташвили.

–Биыл облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі тарихи межеден өтіп, бір жарым триллион теңгеге жақындады. Аграрлық секторда, металлургияда, химия өнеркәсібі саласында да даму қарқыны жақсы. Біз инвестициялармен жүйелі түрде айналысуға тырысамыз, өйткені бұл жұмыс орындары мен халықтың табысын көбейтуші күш, – деп мәлімдеді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Жалпы республика күніне облыста 30-дан астам нысан пайдалануға берілді. Бұл тұрғын үй, өнеркәсіптік өндіріс, стадиондар, спорт алаңдары және инженерлік инфрақұрылымдар

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар