Щучинск қаласында жол апатынан екі адам зардап шекті

Биылғы жылғы қазанның 24-де Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының диспетчері хабарласып, Щучинск қаласындағы «Лиза» дүкенінің жанында жол-көлік оқиғасы болғандығын айтты.

Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны «Toyota Windom» автокөлігінің жүргізушісі көктайғақтың салдарынан көлікті басқара алмай 47 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген «ВАЗ-2114» автокөлікпен соқтығысты.

ЖКО салдарынан «ВАЗ-2114» маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар