Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы жәрмеңкеге 850 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкелді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы жәрмеңкеге 850 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкелді

Бүгін елордада Ақмола облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Астана Арена» спорт кешенінің жанындағы алаңда өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 650 миллион теңге сомасына 850 тоннадан астам өнім ұсынды. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары азық-түліктің 50-ден астам атауын нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуда. Мысалы, мұнда сиыр еті 2300 теңгеден, жұмыртқа 48 теңгеден, картоп 100 теңгеден сатылуда.

Жалпы, фермерлер жәрмеңкеге 200 тоннаға жуық ет және шұжық өнімдерін, 100 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдерін, 13 тонна балық, 1 миллион дана жұмыртқа, 25 тоннадан астам ұн, 200 тонна картоп, 100 тоннаға жуық көкөніс, 8 тоннадан астам кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін, сондай-ақ басқа да азық-түлік өнімдерін әкелді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, елорда тұрғындарына өңірдің өнімдері өте танымал.
«Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін елорда базарларына үнемі жеткізіп отырады. Астаналық тұрғындарға Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданының сүт, шұжық өнімдері, жұмыртқа және тағы да басқа өнімдер ұнайды», — деп атап өтті Малғаждар Тәткеев.

Астана қаласының тұрғыны Ғалия Марқабаева жәрмеңкеге таңертеңнен бастап сүйікті тауарларын жағымды бағамен сатып алу үшін келді.
«Ақмола еті өзінің дәмімен танымал. Бүгін мен сиыр етін 2300 теңгеден сатып алдым. Мұндай жәрмеңкелер отбасылық бюджетті жақсы үнемдейді», — деп бөлісті тұрғын.

«Біз тауық етін әкелдік. Әсіресе таңертең тауық етіне сұраныс көп. Біз бәрін өндірушінің бағасымен сатамыз», — дейді Бұланды ауданының құс фабрикасының өкілі Илья Ильин.
Айта кетейік, Ақмола облысы елордадағы өңірлік жәрмеңкелер циклін аяқтайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар