Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
7000-нан астам абонент кең жолақты интернетке қосылды - АРҚА АЖАРЫ

7000-нан астам абонент кең жолақты интернетке қосылды

Жыл басынан бері 7 мыңнан астам ақмолалық Қазақтелеком абоненттеріне қосылды. Мамандар болжамы бойынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы 2500 жаңа клиентке артады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Қазан айының басында дүниежүзілік желі пайдаланушылары оптикалық байланыс жүйелері, сондай-ақ, мобильді деректер арқылы ақпарат беру жылдамдығының төмендеуіне шағымданды.  Осы кезеңде «Қазақтелеком» коммуникацияларының барлық арналарында абоненттер тарапынан шағымдар мен өтініштер айтарлықтай өскен.

–Алайда, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді ұсыну мәселесі телеком-оператордың кінәсінен туындаған жоқ, – дейді «Қазақтелеком» АҚ желілерін пайдалану департаментінің директоры Бекболат Есщанов.

–ҚР Мемлекеттік техникалық қызметі бізге берген ақпаратқа сәйкес, ағымдағы айдың басынан бастап бір апта ішінде бүкіл ел аумағында кибершабуылдардан туындаған интернет жылдамдығының төмендеуі бірнеше рет тіркелді. Нысаналы кибершабуылдар негізінен, еліміздің мемлекеттік органдары мен Қазнеттің цифрлық инфрақұрылымына бағытталды. Бұл ретте, аталған кезеңде және қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ Деректер беру желілері тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өткім келеді,–деп атап өтті Бекболат Есщанов.

Сонымен қатар, телекоммуникация операторының мамандары абоненттермен қолданыстағы байланыс арналары туралы да айтып берді. Қазір облыста олардың бесеуі бар. Көпшілігі интернетке қосылған кез-келген құрылғыдан қол жетімді – бұл мобильді қосымша telecom.kz, WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі онлайн арналар, сондай-ақ, www компаниясының ресми сайты telecom.kz арқылы да кіруге болады.

–Тәулік бойы жұмыс істейтін онлайн-арналардан басқа, біздің абоненттер әрдайым қалалық телефоннан 160 – анықтама қызметі және 165 – техникалық қолдау қызметі нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы бізге хабарласып, қажетті ақпаратты ала алады немесе өтінім қалдыра алады. Әр өтініш тіркеуден өтіп, қажет болған жағдайда тиісті бейіндегі мамандарға беріледі, – дейді орталық өңір сегментінің В2С қызмет көрсету және сату жөніндегі өңірлік менеджері Әсел Мұханбеталина.

Кездесу барысында қатысушылар компанияны дамыту және көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жетілдіру мәселелерін қозғады. Компаниядағы осы бағыттағы ең ауқымды жобалардың бірі – оптика мысты ауыстырған кезде желілерді жаңарту.

Халықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, оның сапасы үнемі бақылауда. Десе де, интернетсіз отырған ауылдар да жоқ емес. Қазақтелеком желісіне өңірдегі 512 ауыл қосылған. Бұл елді мекендердің 90 пайызы деп сендірді спикерлер. Тағы 80-ге жуық ауылдағы желі мәселесі әлі белгісіз. Бұл тұста халықтың талап қойып, өтініш білдіруі де аса маңызды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар