Әлеуметтік саланың үздік қызметкерлері марапатталды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздіктерді марапаттады. Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап қазанның соңғы жексенбісі Әлеуметтік сала қызметкерлері күні болып белгіленді. Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі қабылданады.

Ол әлеуметтік қорғаудың тиімді шараларын қабылдауға және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттырып, халықтың әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай ережелер бекітуге бағытталған.

–Қазір өңірде халықты әлеуметтік қорғау саласында екі жарым мың адам еңбек етуде. Олардың жауапкершілігіне азаматтарды жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту, арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету кіреді. Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап пилоттық режимде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау басталды. Ол проактивті форматта жұмыс істейді. Бұл барлық мұқтаж адамдарға уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, адамға АӘК алу үшін жұмыспен қамту органдарына келудің қажеті жоқ. Ол үшін цифрлық карта ақпараттық жүйесіне жиырма мыңнан астам отбасы енгізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Біздің облыста 29 мыңнан астам  мүмкіндігі шектеулі жандар бар.  Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды бағыттардың бірі оларға көмек көрсету болып табылалы,– деді өңір басшысы.

Халықтың әлеуметтік құқығы тең болуы аса маңызды. Осыған байланысты бірқатар ірі іс-шаралар ұйымдастырылып, қарқынды жұмыстар жасалып жатыр. Айталық, соңғы бес жыл ішінде қаржыландыру көлемі ұлғайып, бүгінде ол  1,5 миллиард теңгені құрап отыр. Марапаттау рәсімінде жасалып жатқан жұмыстар мен қолдауға алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізгендер де болды.

–Біздің қиын да жауапкершілігі мол еңбегімізді бағалап жатқан облыс әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Әлеуметтік саланың дамуына көп қолдау қажет және сол қолдауды материалдық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да көріп жатырмыз,   – деді  Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Шынар Қадырова.

Мерекелік шара әдемі тілектер мен көкшетаулық таланттардың өнер көрсетуімен жалғасын тапты. Залда отырған барлық қонақтарға облыс әкімі атынан гүл шоқтары таратылды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар