2022 жылғы 1 қарашада Ақмола облысының білім беру ұйымдарының жас басшылары арасында «Білімді ұлт – жарқын болашаққа бағдар» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шараға 10 команда қатысты.
Білім беру ұйымдарының басшылары бір-бірімен шешендіктерін көрсетіп, өз ойларын, идеялары мен көзқарастарын дәлелдей білумен жарысты. Төрешілікке облыстың танымал дебатшылары мен турнирдің республикалық кезеңінің жүлдегерлері Жәменов Жалғас, Саликов Ержан, Сураганов Дамир, Рахымжанов Мейрамбек, Сейпилева Сая, Бардашук Кристина, Дағыстан Алтынбек шақырылды.
Бағалау нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Қазақ лигасында 1 орынды Бурабай ауданының командасы иеленді: Кушекова Бибігүл Қуанышқызы, Ескеева Қарлығаш Сәбитқызы;
Орыс лигасында – Көкшетау қаласының командасы: Ахмеджанова Ардақ Маратқызы, Баткалова Анара Жаңабергенқызы.
Қазақ лигасында 2 орынды Целиноград ауданының командасы иеленді: Жағабаев Нұртас Құрманғалиұлы, Амангелді Нұрзат Қанатұлы;
орыс лигасында-Ақкөл ауданының командасы: Ганькевич Инна Маратовна, Сенчило Ольга Николаевна.
Қазақ лигасында 3 орынды Зеренді ауданының командасы иеленді: Жылқыбай Нариман Малғаждарұлы, Мәнәп Айдын Саматұлы;
орыс лигасында-Есіл ауданының командасы: Ахметова Динара Қуанышқызы, Тутченко Юлия Владимировна.
Турнирдің үздік спикерлері атап өтілді: Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының директоры Ахмеджанова Ардақ Маратқызы, Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының жалпы білім беретін мектебінің директоры Жағабаев Нұртас Құрманғалиұлы, Турнирдің үздік төрешілері анықталды: Жәменов Жалғас Балташұлы және Саликов Ержан Зейнетұлы.
Турнирдің жеңімпаздары мен үздік спикерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ақшалай сертификаттарымен және грамоталарымен марапатталды. Турнирдің үздік төрешілері мен төрешілер алқасының мүшелері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық пікірсайыс турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.