– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
««АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының аумағында көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. Оқиға болған кезде жұмыскер қызметтік міндеттерін атқармаған», — деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.
Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші көз жұмды. Кеше марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды.