Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаев облыстың қалалары мен аудандары прокурорларының қатысуымен сайлау заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Облыс прокуроры облыстың қалалары мен аудандарының прокурорларына сайлау кезеңінде заңдылықтың, құқықтық тәртіптің, сондай-ақ жергілікті жерлердегі қауіпсіздіктің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, облыс прокуроры прокуратура органдары қызметкерлерінің Этикалық кодекс, еңбек және атқарушылық тәртіп нормаларын сақтауының маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, Айдос Майлыбаев облыс прокуратурасы органдарының қызметкерлері құқық қорғау жүйесінің үлгілі өкілдері болуы және басқа мемлекеттік қызметшілерге үлгі көрсетуі тиіс екенін атап өтті.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.