Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ақмола облысында болды

Ақмола облысының тұрғындары 20 қараша күні өтетін сайлауда 738 учаскеде дауыс бере алады. Осы маңызды саяси науқанға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Ерейментау ауданының сайлау учаскелерінде болып, сайлауға дайындық барысымен танысты.

Ол учаскелердің жағдайын тексеріп, сайлау комиссияларының мүшелерімен тілдесті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған орындар талаптарға сай болуы және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай жасау қажеттігіне назар аударды. Яғни, сайлау учаскелері пандустармен, тактильді көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс, мұнда ым-ишара тілінің маман-аудармашылары да отыруы тиіс.

Сапар қорытындысы бойынша ОСК басшысы облыстық аумақтық сайлау комиссиясына бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров сайлау комиссиялары учаскелері мүшелерінің қажетті дайындығы және жергілікті жерлерде дауыс берудің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету туралы атап өтті.

–Қазір бақылаушылар мен арнайы мамандар әртүрлі тренингтер өткізіп жатыр. Дауыс беру барысында әр азаматтың құқықтары мен міндеттері барын ескеруіміз қажет. Сайлау туралы Заңда бақылаушының қандай құқығы бар және ол ұстануы керек талаптар нақты жазылған. Онда  кімнің не істеу керектігі туралы барлық ақпарат жазылған. Жауапты қоғамдық-саяси науқанға бақылаушылар, полиция қызметкері де, осы іске қатысы бар барлық қызмет мүшелері жұмылдырылады,–деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.

Камила Әбделманова.

 Суретті түсірген Айбек Данияров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар