«Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жаңа оқу маусымы басталды

Ақмола облысында «Talapker» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жаңа оқу маусымы басталды.

Биылғы жылы бұл мектепке 25 талапкер қабылданды. Олардың ішінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Гуманитарлық-техникалық академияның тәмәмдаушы курс студенттері бар.
Мектептің ашылу салтанаты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде өткізіліп, оған Департамент басшысы Думан Әбілев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының басшысы Белла Газдиева, университеттердің өкілдері, мектеп тыңдаушылары қатысты.

Департамент басшысы Думан Әбілев өзінің құттықтау сөзінде: «Бұл мектептің миссиясы – мемлекеттік қызметке талантты, сауатты, білімді, көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, оларға мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларын игеруге мүмкіндік беру. Сондықтан болашақта түлектер осы мектепте алған білімдерін еліміздің игілігі үшін атқаратын адал еңбек жолында қолданатынына сенеміз!» – деп атап өтті.

Оқыту курстары тәжірибесі мол мемлекеттік қызметшілердің, кәсіби оқытушылардың, сарапшылардың, жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен өткізіледі.
2018 жылдан бері Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін 299 тыңдаушы тәмәмдап шықты. Тыңдаушылардың бірқатары мемлекеттік органдарда кәсіби тәжірибеден өтті.

Мектеп түлектерінің мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау саласындағы мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарға тағайындалу мысалдары да бар. Мысалы, Шевченко Андрей Олегович мектепті 2020 жылы аяқтады. Бүгінгі таңда ол Ақмола облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінде табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарады. Кезінде ол өз мансабын осы мемлекеттік органда бас маман лауазымынан бастаған.

Жазира Тоқтар,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар