Жер қойнауын пайдалану жауапкершілікті  талап етеді

Ақмола облысының аумағында жер қойнауын пайдалануға байланысты 163 келісім-шарт және лицензия жұмыс істейді.Бұл ретте жасалған келісім-шарттардың басым бөлігі Аршалы, Целиноград және Зеренді аудандарының аумағына тиесілі.

Тиімді аумактық орналасуына байланысты елорда маңындағы аудандар құрылыс  тасы, құм, қиыршық тас, саз, базальт және басқа да пайдалы қазбалар сияқты кең  таралған кен түрлерін өндірудің негізгі жеткізушілері болып табылады.

Осылайша бүгінгі күні колданыстағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар мен лизенциялар бойынша 137 жер учаскесі жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін ресімделген болып табылады.Жер заңнамасының нормаларын сақтау және заңсыз  өндіру фактілерінің орын алуына жол бермеу  мақсатында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жер қойнауын пайдалануды ресімдеу бойынша мониторинг жүргізеді.

ҚР Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне жер қойнауын пайдалану мақсатында бірлескен барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жер учаскелерін беру кіреді.

Осылайша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында облыстың жергілікті атқарушы органы Ақмола облысының аумағында жер қойнауын пайдалану мақсатында 6 жер учаскесін берді. Соның ішінде Ақмола облысы әкімінің 2022 жылғы 12 шілдедегі №A-7/320 қаулысымен «Нұрсәт-К» ЖШС бірлесіп барлау және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін Қорғалжын ауданының Сабынды ауылдық округінің шекарасында орналасқан 14 гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы берілді. Мұнда 2008 жылғы 3 қазандағы №504 келісім-шарт негізінде құрылыс құмын өндіру көзделген.

Сондай-ақ, осындай құқықтар Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округінің шекарасында орналасқан 14,49 гектар жер учаскесіне,«Аркада индастри» ЖШС «Западный» учаскесінің Вишневское кен орнына магмалық жыныстарды (құрылыс тасын) өндіру үшін Аршалы кентінде орналасқан ауданы 11,2 гектар жер учаскесіне, Есіл ауданы Ақсай ауылының шекарасында орналасқан ауданы 18,01 га жер учаскесіне 2041 жылғы 28 маусымға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын берді.

Оның алғашқысында құрылыс құмы, соңғыларында қиыршық-құм қоспасын өндіру көзделген. Ал, «Көкшетау минералды сулары» АҚ-ына  2026 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімге Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан «Құлагер-Арасан» кен орныныңауданы 0,36 га жер учаскесін емдік-асханалық минералды ауыз суөндіру үшін пайдалану құқы берілді.

«Самар-2006» ЖШС метаморфтық жыныстарды өндіру үшін Целиноград ауданының Софиев ауылдық округінің шекарасында орналасқан 19,7 га жер учаскесіне де осындай жер пайдалану құқығы беріліп, тиісті келісім-шарт жасалды. Бұл арада келісім-шарттардың мерзімі туралы айтсақ, олар әртүрлі. Жоғарыда байқалғанындай, арасында ондаған жылға созылатыны да бар. Сондықтан, басты міндет – осы кен орындарын алған заңды тұлғалардың жұмысын қатаң бақылау, заң бұзушылықтардың алдын кесіп отыру болып табылады.

Осыған орай,Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасыбұзылғанбайланыстар мен жер  қойнауын пайдалануға арналған лицензияларбойынша тұрақты негізде, уақытылы шаралар қабылдауда. Бұл – маңызды мәселе тұрақты бақылауда.

Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер
қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар