Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының Аршалы ауданында төтенше жағдай жарияланды

– Ақмола облысына қарасты Аршалы кентіндегі жылыту қазандығынан шыққан апатқа байланысты ауданда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланған Аршалы ауданы әкімінің шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы әкімдігінің ақпаратына сай, 9 қазанда Аршалы ауданы жарықсыз қалған. Оған Астана қаласындағы 2-ші жылу электр орталығында тіркелген апат себеп болған.

«9 қарашада сағат 4:00 шамасында Астана қаласының 2-ЖЭО-дағы апатқа байланысты Аршалы ауданы аумағындағы негізгі электр желісі токтан ажыратылды. Резервтік желіні қосқаннан кейін Аршалы кентінің қазандықтарының орталық сорғылары өртеніп, істен шыққаны анықталды.

9 қарашада сағат 21:00-де Жібек жолы ауылдық округінде 6 тереңнен су сору құрылғысының жұмысы қалпына келтірілді. Халыққа су беру 10 қарашада сағат 5:00-де қалпына келтірілді. 11 қарашада тағы 2 тереңдік сорғы құрылғысы орнатылды», — деп мәлімдеді құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің дерегінше, Аршалы кентіндегі сорғы станцияларының жұмысы 9 қарашада сағат 12:00-де қалпына келтірілген. Ал, тұрғын үйлерге жылу сағат шамамен 13:00-де беріле бастаған.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі апаттың салдарын жою үшін енгізіліп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар