Кәсіпкер әйелдер белсенділігі ұшталды

Аршалы ауданында кәсіпкер әйелдер мен жастарға арналған «Ауыл – ел тірегі» форумы өтіп, түрлі жобалар мен ұсыныстар ортаға салынды.

Бұл шараның Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Аршалы филиалы мен аудан әкімдігі және «Әлеуметтік бастамалар инновациясы» қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылғаны облыстық ішкі саясат басқармасының хабарламасында айтылады.

Форумға кәсіпкерлік туралы көбірек білгісі келетін және тәжірибелерімен бөліскісі келетін түрлі бизнес секторларының өкілдері мен жергілікті тұрғындар жиналды.

– Форумның негізгі тақырыптарының бірі ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және дамыту болды. Өйткені, ауыл шаруашылығы, бөлшек сауда, қызмет көрсету және қолөнер сияқты түрлі салаларда өз қызметін жүзеге асырып, ауыл экономикасында маңызды рөл атқаратын әйелдер. Форумның маңызды аспектісі қатысушылар арасында іскерлік байланыстар желісін құру болды. Ауылдық жерлерден келген көптеген кәсіпкер әйелдер оқшаулану мен қолдаудың жоқтығын сезінеді, сондықтан, ол идеялар, білім және байланыстар алмасу, сондай-ақ, жаңа мүмкіндіктер мен серіктестіктерді іздеу алаңына айналды, – деді Аршалы аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Анжелика Глебова.

Форумда талқыланған өзекті тақырыптардың бірі қолдау және қаржылық ресурстарға қол жеткізу болды. Ауылдық кәсіпкер әйелдердің көбі өз бизнесін дамыту үшін несие, грант және инвестиция алуда қиындықтарға тап болады. Сондықтан, форумда әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған оқыту, кеңес беру және тәлімгерлік қызметке көмек көрсететін бағдарламалар мен жобалар ұсынылды. Бұл кәсіпкер әйелдерге бизнесті табысты жүргізу үшін қажетті білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

– Жастарды кәсіпкерлікке баулу тақырыбы да маңызды болды. Біз жастарға бизнесті табысты жүргізуге қажетті дағдыларды дамытуға көмектесу үшін арнайы семинарлар мен тренингтер өткіздік. Форумға қатысушылар инновация, маркетинг, қаржылық менеджмент және көшбасшылықтың маңыздылығы туралы білді, – деді форум спикерлерінің бірі Эмин Әскеров.

Форум барысында кәсіпкер әйелдердің де, жастардың да жасаған түрлі жобалар мен идеялары ұсынылды. Форумға қатысушылар көрмеге ұсынылған тауарларды тамашалап, қызметтер алып, тауарларды сатып алуға да жағдай туындады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін жергілікті бизнесті қолдауға және қызықты өнімдер мен қызметтерді табуға тамаша мүмкіндік болды.

– Кәсіпкер әйелдер мен жастарының ауылдық форумы тек Аршалы ғана емес, облыстың басқа да аудандарының көптеген тұрғындарын шабыттандырды. Бұл кәсіпкер әйелдерге қажетті білім, дағдылар мен өз бизнесін дамыту үшін қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар ауылдағы әйелдерге қолайлы жағдай туғызумен қатар, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтып, дамытуға септігін тигізуде, – деп қосты облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Құсайын.

– Бұл іс-шара дәстүрге айналып, өңіріміздегі кәсіпкерлік белсенділікті одан әрі қолдау және дамыту мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады деген сенімдеміз, – дейді форумда Аршалы ауданының әкімі Мұрат Балпан.

Форумға қатысушылар шараның демеушілері – «Бейбарыс» демалыс аймағы мен «Бұлақсай» ЖШС-іне әйелдер кәсіпкерлігі мен ауыл жастарын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар