Қарағайлы орманындағы денсаулық фестивалі

Қоянды ауылында «Zaman fest» атты психикалық денсаулық фестивалі болып өтті.

Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген қатысушылар қарағайлы орманға бір мақсатпен жиналды. Олар өздерінің психикалық денсаулығына уақыт бөлуді басты мақсат тұтты.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, «Zaman fest» – адамның «менімен» кездесу орны болды. Іс-шараның форматы қатысушылардың психикалық жаттығулардытабиғат аясында үйлестіруімен ерекшеленді.Психикалық денсаулықтың үздік сарапшылары денені ғана емес, жанды да қорғаудың неліктен маңызды екенін түсіндірді. Ал, айнала –көз тартқан көгалдарды қоршап тұрған керемет әдемі қарағайлы орман.Ондағы үлкен сахнада күні бойы әртүрлі жастағы және өзіндік қызығушылықтары бар адамдарға арналған танымдық тұрғыдағы қызықты бағдарламалар өтті.

Фестиваль еліміздің жетекші психологтары мен жаттықтырушыларының басын қосты, олар шараға қатысушыларға топтық сессиялар өткізді. Хэдлайнерлер арасында белгілі психологтар Әсия Фазылова, Леон Раиз, Жаннат Нұркина, танымал жаттықтырушы Гүлнұр Латып, сондай-ақ, «саналы» іскерлік мінез-құлық трендсеттерлері – «Namaste_kz» салауатты өмір салты жобасының авторы Денис Арюткин және YouTube продюсері Александр Мелентьев болды.

Сондай-ақ, фестивальде психология, арт-терапия, энергетика, ойын және тета-практиктер шеберлері мен сарапшылары үшін шағын шатырлар алаңы ұйымдастырылды. Кез-келген қызығушылық танытқан адам номиналды ақыға ақыл-кеңес пен экспресс терапия алды.

Кеште қазақ эстрадасының жұлдыздары Мирас Жүгінісов пен Мархаба Сәби «Zaman Fest» қонақтарына өнер көрсетті. Фестиваль телескоп арқылы жұлдыздарды тамашалап, алау айналасында ән шырқаумен аяқталды.

Шараның мұндай форматы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар келесі жылға қатысушыларды тағы да таң қалдыратын және өздерін түсінуге бір қадам жақындауға мүмкіндік беретін бағдарламаны көздеуде.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар