Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК

 – 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 10101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтінін бекітті.

Сондай-ақ, ОСК басшылығы мен мүшелері барлық өңірлерге барып, аумақтық сайлау комиссияларының, учаскелік сайлау комиссияларының, дауыс беруге арналған учаскелердің дайындығын, барлық қажетті инфрақұрылымның дайындығын тексерген.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар