15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары Қазақстанға келеді

 – Қазақстанда 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары келеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастық желісі бойынша алдағы сайлауды бақылау үшін 15 елдің Орталық сайлау комиссияларының өкілдері, оның ішінде Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Орталық сайлау комиссияларының төрағалары келеді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Президенттік сайлауға 10 101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар