Учаскелерде сайлаушылардың тұратын жерін анықтайтын онлайн сервис іске қосылады

– Сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сайлаушылардың тізімі нақтыланғаннан кейін ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберіледі.

«Екінші ақпараттық хабарламалар дұрыс болуы керек. Егер қандай да бір қателіктер болса, оларды түзету қажет. Әр сайлауда біз дауыс берушілер тізімінен өзін таба алмайтын адамдар болатынын байқаймыз. Сондықтан, азаматтарға барынша ыңғайлы болу үшін біз сайлау учаскелерінде азаматтардың нақты тұрғылықты жерін тексерудің онлайн сервисін ұйымдастырамыз. Егер азамат басқа қалада тіркелген болса, оны сайлаушылар тізіміне енгізе алмаймыз. Ол үшін сайлаушы 30 күн бұрын өтініш басқа учаскеде дауыс беретінін растап, өтініш беруі тиіс», – деді Константин Петров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы сайлауды өткізу кезеңдерін түсіндірген болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар