Облыс прокурорының орынбасары С.Ілиясовтың төрағалығымен электрондық форматта істерді тиісті түрде тергеу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске құқықтық статистика Комитеті басқармасының және Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Электрондық форматта тексерілетін істердің сапасына ерекше назар аударылады.
Отырыс қорытындысы бойынша қылмыстық процесті цифрландыру деңгейін арттыру бойынша нақты тетіктер әзірленді.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.