Көкшетау қалалық сотында ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде студенттерге арналған Заң клиникасы ашылды

Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлау, заңгерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау саласында өзара ынтымақтастықты көздейді.

Сот пен университет келесі мәселелер бойынша ынтымақтастық жасауға міндеттенді:
– кәсіби бағдар бойынша бірлескен іс-шаралар;
– студенттердің кәсіби практикасы;
– зерттеулер, жаңа тәсілдерді әзірлеу, қызметтерді ақпараттандыру, инновациялық жобалар;
– ғылыми-зерттеу еңбектерін мақұлдау;
– қонақ дәрістерін өткізу және басқалар.

Іс-шараға қатысушылар меморандумға қол қойғаннан кейін Көкшетау қалалық сотында Заң клиникасының салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Заң клиникасының бөлмесі соттың бастамасымен студенттердің халыққа тегін құқықтық көмек көрсету және құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде практикалық дағдыларын арттыру үшін ашылды.

Ақмола облыстық сотыныңибаспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар