24 тоннаға жуық алкогольді сатпақ болған ақмолалық сотталды

– 24 тоннаға жуық алкогольді сатуға әрекеттенген Ақмола облысының тұрғыны сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті алкоголь өнімдерін өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Оқиға болған жерді қарау кезінде автокөлік тіркемесінен құрамында спирті бар сұйықтық толтырылған әрқайсысының көлемі 1000 литр болатын 24 пластик ыдыс табылды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қорытындысына сәйкес, тәркіленген құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 27,5 миллион теңгеден асады.
Сот үкімімен А.Т. Батжановтан қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген мәліметте.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар