– Еліміз бойынша 8 150 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның атап өтуінше, 5 өңірдегі, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 883 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07-00-де, ал астана уақытымен сағат 08-00-де басталады.
«Сонымен қатар Қазақстан Республикасында 10 101, оның ішінде 53 шет мемлекеттегі 68 сайлау учаскесі бар екендігін атап өтемін. Оларда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-де басталады. Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 950 485 сайлаушы бар. Бұған қоса кеше 18-00-де дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін беру аяқталды. Республика бойынша 22 578 куәлік берілді. Сайлаушы онымен еліміздің кез келген жеріндегі сайлау учаскесінде дауыс бере алады», — деді ол.