Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандағы үдерістер Конституция нормаларына сәйкес жүзеге асып жатыр - байқаушы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандағы үдерістер Конституция нормаларына сәйкес жүзеге асып жатыр — байқаушы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сайлауалды бағдарламаның орындалуын сайлаушылар жіті назарда ұстауы керек. Бұл туралы «Поляк халық партиясының» мүшесі Януш Пехочинский айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау — демократия жолындағы маңызды қадам. Осы орайда кандидатқа дауыс беріп жатқан адамдар сайлауалды бағдарламаның орындалуын жіті назарда ұстауы керек. Сондықтан сайлаудан кейін маңызды қадамдардың орындалуына қоғам белсенді араласқаны жөн. Атап айтқанда, Польша Қазақстанға стратегиялық серіктес ретінде қарап отыр. 2023 жылы осында Польшадан жаңа инвестициялар тартылады деген ойдамын», — деді «Поляк халық партиясының» мүшесі Януш Пехочинский елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Өз кезегінде Мажарстандағы Сыртқы істер және сауда институтының аға ғылыми қызметкері Ваша Ласло Қазақстандағы дауыс беру науқаны жайында жақсы пікір қалыптасып отырғанын жеткізді.

«Сайлау учаскелеріндегі рәсімдер ашық өтіп жатыр және бұл процестер халықаралық стандарттарға сай екенін айтқым келеді. Келіп жатқан сайлаушылардың көңіл-күйі көтеріңкі, дауыс берудің маңыздылығын жақсы түсіп отыр. Олар өздерінің жарқын болашағын өздері анықтағысы келгендіктен, дауыс беруге келіп жатыр. Бүгін дұрыс шешім қабылданады деп ойлаймын. Өз тәжірибеме сүйене отырып, бұл үдерістер Конституцияда белгіленген құқықтық нормаларға сәйкес демократиялық жолмен жүзеге асып жатқанын айтқым келеді», — деді Мажарстан өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар