Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Таңнан облыс орталығында сайлауға барып дауыс беремін деген көкшетаулықтар сайлау учаскелеріне ағылуда. Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №18 сайлау учаскесінде де таңсәріден жұмыс қарбалас.
№18 сайлау учаскесінің төрағасы Жанат Қайыровтың айтуынша мұнда 2174 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде денсаулығына байланысты үйден дауыс беру үшін өтініш білдірген жандарға да барлық жағдайлар жасалған дейді ол.
Таңнан келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық міндетіне аса жауапкершілікпен қараған көкшетаулықтардың қатарында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса да бар.
Бақылаушылар тарапынан әзірге ешбір ескерту орын алған жоқ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.