Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтар Президентке үлкен үмітпен қарап, сенім артады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандықтар Президентке үлкен үмітпен қарап, сенім артады

2022 жылғы 20 қараша күні елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Барша қазақстандық азаматтар белсенді түрде президенттік сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Қазақстандықтар үшін бұл күн тарихи күн болды. Сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша 82 пайыздан астам дауыс жинап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіп шықты.

​Бұл жеңіс Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі жоғары беделін айғақтайды, оның ауқымды реформалары мен тың бастамаларына халықтың мызғымас сенімінің, сондай-ақ сындарлы кезеңде көрсеткен табандылығының, қайсарлығы мен даналығының дәлелі болып табылады.

​ Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономикада түбегейлі өзгерістер болады. Біз азаматтардың әл-ауқатын жақсартамыз. Осы мақсаттардың барлығын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек. Сондықтан баршаңызды бірлікке шақырамын», — деген болатын өзінің республикалық сайлауалды штабында сөйлеген сөзінде.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенті сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінде Тәуелсіз еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып отыр. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Мемлекет басшысының әрдайым халықтың қолдауы мен құрметіне бөлене беруіне тілектеспіз. Біз, яғни қазақстандықтар Президентімізге үлкен үмітпен қарап, сенім артамыз!

​Алдағы уақытта ел сенімін ақтайтын маңызды да тың реформалар жүзеге асып, халықтың қуанышқа толы күндері көп болады деген ойдамыз.
🇰🇿Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, Қазақстанның болашағы жарқын, тұғыры биік болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!

Айдар Қожабаев,
Қоғамдық даму орталығының маманы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар