Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалы көгілдір отынға кенелді - АРҚА АЖАРЫ

Аршалы көгілдір отынға кенелді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бағытында тыңғылықты шаруалар атқарылуда. Таяуда Аршалы кентіне табиғи газ берілді.

Бұл жағымды жаңалық кент тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған айтулы оқиға болды. Аудан және «Аманат» партиясы Аршалы филиалының басшылары орталықтандырылған газ жүйесіне алғашқылардың бірі болып қосылған кент тұрғыны С.Ахметовты құттықтады. Салтанатты шараға қатысқан «Аршалы газ» кәсіпорнының директоры В.Фоменко аудан әкімі Мұрат Балпанға ауданның елді мекендерін көгілдір отын жүйесіне қосу кесте бойынша жүргізіліп жатқанын баяндап берді. Үстіміздегі жылы жүйеге қосылады деп жоспарланған 16 елді мекеннің 13-і көгілдір отынның қызығын көруде.

Аудан әкімі тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нәтижелі жұмысы үшін жауапты тұлғаларға алғысын білдіріп, газ шарашылығының басшысы В.Фоменкодан аудан орталығын да көгілдір отынмен қамтамасыз етуді сұрады. Қазір  мұнда тілек білдіріп отырған 130-дан астам отбасы бар.

–Үстіміздегі жылдың қараша айының соңына дейін қосуға тырысамыз, – деп уәде берді В.Фоменко.

Игілікке ие болған С.Ахметовтың айтуына қарағанда, бұл қарапайым халыққа жасалып жатқан үлкен қамқорлық. Сол үшін де қарапайым халық  ел Президентіне алғыс айтуда. Президент тапсырмасы жергілікті жерде бұлжымай орындалып, аудан тұрғындары көгілдір отынға кенеліп жатыр.

Байқал Байәділов.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар