Біржан сал ауданында «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауының гала-концертіне 120-дан адам қатысты

Біржан сал аудандық мәдениет үйінде көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен «Балауса балғын – таланттар!» Балалар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауының Гала-концерті өтті.

Аудан бойынша 14 188 адам тұрады. Ауданның 14 клубында 80 клубтық құрылымдар жұмыс жасайды. 2 «Халықтық » атағы бар ұжым бар:«Көкек» фольклорлық ансамблі және «Ветеран» хоры.
2022 жылы «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауына барлығы 150 адам қатысты, оның ішінде 8 ауылдық округ, 12 ауылдық аймақ.

Гала- концертке АМҮ-нің хореографиялық ұжымдары «Миллениум», «Сюрприз», «Арай», «Капелька» және Бірсуат ауылының «Жұлдыздар» бишілер тобы, Степняк қаласының балалар музыка мектебінің оркестрі, АМҮ-нің «Ақ жаулық» вокалды ансамблі, Сәуле ауылының «Әнәс» жанұялық дуэті қатысады. Көркемөнерпаздар әртістері хореографиялық, вокалдық, хор, аспаптық жанрларда өнер көрсетеді. Гала- концертке барлығы 123 адам қатысты.

Жаңа есімдер: Тасшалқар ауылынан Баят Таңатар, Алға ауылынан Бүркітхан Шамшали, Мамай ауылынан Қалмұрат Ердәулет, Еңбекшілдер ауылынан Сағымбаева Ризагүл, Макинка ауылынан Валентина Загребина, Үлгі ауылынан Малика Бакетова, Бахтияр Нұрғалиев, Бақтияр Нұрғалиев , Еңбекшілдер ауылынан «Малыши» би тобы, Мақпал ауылынан вокалдық топ, Тасшалқар ауылынан Қайролла Аяулым және Қадырбек Ибрагим.

Өздерінің таңғажайып таланттары мен шеберліктерін 61 халықтық қолданбалы өнер шебері көрсетті. Көрмеде тоқу, пано, макрома, модельдеу, қағаз аппликациясы, ілмек, пирография техникасында жасалған 100 жұмыс ұсынылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар