– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Ресейге және Францияға ресми сапармен баратынын хабарлаған болатынбыз.