Ақмола облысында дәрігер мамандардың тапшылығы қалай шешілуде

 – Ақмола облысының Біржан сал ауданында келер жылы емханамен біріктірілген аурухана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде кадр тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу мақсатында медициналық оқу орындарында бүгінгі таңда 12 студент оқытылуда. Олар оқу бітіріп, диплом алған соң ауданға жұмысқа істеуге барады. Биылғы жылы Макинск дәрігерлік амбулаториясына бір дәрігер мен бір медицина қызметкері келді. Оларға 5 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұдан бөлек, Степняк қаласына 3 медицина қызметкері келді (1 – акушер, 2 медбике). Құдықағаш, Алға, Кеңащы ауылдарында орта медицина қызметкерлері тапшы.

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі сапаны жақсарту мақсатында 2023 жылы Степняк қаласында емханамен біріктірілген аурухана салу жоспарлануда. Нсыанның жобалық құны 6,3 миллиард теңгені құрайды. Онда 40 керуеттік тәуліктік стационар, 5 керуеттік күндізгі стационар, емхана, дәріхана, БАК зертхана, клиникалық-диагностикалық зертхана, перзентхана бөлімшесі, жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация, сондай-ақ әкімшілік үй-жайлар қарастырылған. Бұл ауданда денсаулық саласындағы қызметтің сапасын жақсартып, медициналық қызметке тұрғындардың қолжетімділігін арттыра түседі», деді аудан әкімдігінен.

Бүгінгі таңда Біржан сал аудандық ауруханасына бір емхана, екі дәрігерлік амбулатория (Макинка, Үлгі ауылдарында), бір фельдшерлік-акушерлік пункт (Андықожа батыр ауылында) және жиырма сегіз медициналық пункті қарайды.

Аудан бойынша барлығы он алты дәрігер, оның ішінде жалпы тәжірибелік дәрігерлер – алтау, акушер-гинекологтар – екеу, педиатр-екеу, хирург-біреу, ультра дыбыстық зерттеу дәрігері, статист – екеу жұмыс істейді. Реаниматолог – анестезиолог, окулист, лор, кардиолог, невропатолог тәрізді мамандар тапшы болып отыр.

Айта кетсек, Ақмола облысында медициналық мекемелердің жабдықталу көрсеткіші өсті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар