«Төлеген Қажыбайдың әдеби мұрасы: тарих пен тағылым» атты ғылыми-теориялық конференция өтті

Бүгін ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Сыздықұлы Қажыбайдың туғанына 80 жыл толуына орай «Төлеген Қажыбайдың әдеби мұрасы: тарих пен тағлым» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.

Биыл ақиық ақынның 80 жылдығы облыс көлемінде аталып өтілуде. Бүгінгі таңда ақынның мерейтойы аясында облыс мәдениет ошақтарында түрлі форматта 500-ден астам іс-шаралар жоспарлануда. 8 қарашада бастау алған «Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты ақынның ұлы Аян Қажыбаевпен өткен кездесу кеші, бүгінгі «Төлеген Қажыбайдың әдеби мұрасы: тарих пен тағлым» атты ғылыми-теориялық конференциясымен және 9 желтоқсан күні ақынға арналып мемориалдық тақта ашу салтанатымен «Толғауы тоқсан Төлеген» атты республикалық ақындар мүшайрасымен жалғаспақ.

Конференцияның мақсаты: Ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Қажыбайдың туғанына 80 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту, қаламгердің рухани мұрасына ғылыми тұрғыда зерттеу жасау, талдау, шығармашылығы мен өмір жолын көпшілікке насихаттау. Жас ұрпақтың Төлеген тұлғасын тануға ықпал ету, көркем әдебиетке ынталандыру. Көпшілік қауымды мәдени ошақтарға тарта отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, көркем сөзге деген қызығушылықтарын оятып, шығармашылыққа баулу.

Конференция аясында Ақмола облысы мәдениет бас маманы Жанна Қалымқызы, ф.ғ.к., ардагер ұстаз Аманжол Есмағұлов, Ш.Уәлиханов университетінің профессоры, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің директоры, ф.ғ.к. Нұртас Ахатұлы, Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы, PhD Ерболат Баят, Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы, ф.ғ.к. Аян Қажыбай, М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры, ақын Қуаныш Оспанов, Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы, PhD Гүлнәз Бөкен ақын өмірі, шығармашылығы жайлы сөз сөйлеп, ой қозғады.

Іс-шара зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, ЖОО ұстаздары мен студенттері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар