Көкірегіне ән ұялатқан балғындар

«Bolashaq» сарайында алғаш рет 10-16 жас аралығындағы әншілер арасында «Әлем әнмен ажарлы» атты бірінші облыстық жас әншілер байқау-фестивалі өтті.

Аридаш Хамзина атындағы бұл байқау Балалар жылы аясында ұйымдастырылды. Сайысқа Бұланды, Бурабай, Зеренді, Целиноград аудандарынан және Көкшетау, Степногорск,  Қосшы қалаларынан 20  үміткер қатысты.

Бірінші кезеңде қазақ тілінде туған жер тақырыбындағы, ал, екінші кезеңде еркін тақырыптағы әндерді шырқаған балалардың ән айтуда айтарлықтай тәжірибе жинап, кәсіби тұрғыда жетіліп келе жатқанын байқауға болады. Демек балалардың бағын сынауда мұндай шаралардың маңызы зор.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін құрамында әнші, диджей Рүстем Өмірзақов, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Эльмира Камарницкая мен Көкшетау қалалық музыка мектебінің вокал сабағының оқытушысы Оксана Антонова бар қазылар алқасы құрылды. Ол қатысушылардың вокалдық техникасы мен драмалық шеберлігіне, шығарманы таңдау мен оны органикалық жеткізуіне ерекше көңіл бөлді.

Сонымен, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Мансұр Мерғасым, «Жеңіс жолындағы жігері үшін» номинациясында Мақсат Дәулетхан және «Ең жас қатысушы» номинациясы бойынша Әмина Хуанган 10 мың теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды. ГРАН-ПРИ жүлдесін «Bolashaq» сарайынан Әмина Жапар, бірінші орынды Қосшы қаласынанЕсет Әлжанов, екінші орынды Целиноград ауданынан Жұлдыз Темірбек, үшінші орынды Степногорск қаласынан Ақылжан Амангелді иеленді және барлық қатысушыларымызға «Bolashaq» сарайы атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар