Өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны артып отыр

Ақмола облысының инспекторлары жыл басынан бері еңбек заңнамасы саласында 139 бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 38 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 23 кәсіпорында 539 қызметкерге  56 миллион теңгеден астам жалақы берешек екені анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бұл қарыз толығымен төленді. Тағы бір маңызды мәселе – еңбекті қорғау және жұмысшылардың қауіпсіздігі. Жыл басынан бері өңірде 87 жазатайым оқиға орын алған, оның 30-ы кісі өлімімен аяқталды. Жалпы өндіріске байланысты 47 жазатайым оқиға болған. Оның барысында  12 адам қайтыс болды.

–Қазіргі уақытта 6 жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Осындай барлық өзге оқиғаларға арнайы тергеулер жүргізілді, актілер жасалып, олардың қорытындылары бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің кінәсінің үлес салмағы айқындалды. Материалдар іс жүргізу және шешімдер қабылдау үшін ішкі істер органдарына берілді, – деп атап өтті Амангелді Смайылов.

Ол жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін атады. Бұл – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу, жұмыс процесін сапасыз ұйымдастыру, жеке қорғаныс құралдарын қолданбау. Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, сондай-ақ, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғаларымен 36 семинар сабақ өткізген. 35 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау жүргізілді. 222 кәсіпорын мен ұйымда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар